«Кәсіпкерлікті қаржыландыру қызметі және мемлекеттік қолдау» ашық сабақ
«Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы э.ғ.к. Оразова Б.Б. 22.11.24ж. сағат 14:30 300А аудиториясында ПИК-23-5к10, 5к11, 5к12 топтарына «Көшбасшылық және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен «Кәсіпкерлікті қаржыландыру қызметі және мемлекеттік қолдау» тақырыбы бойынша ашық сабақ өтті.
«Дене шынықтыру» пәнінен ашық сабақ
2024 жылдың 21 қарашасы күні «Дене шынықтыру» кафедрасының аға оқытушысы Исмайл Б.К. 1-курс білім алушыларына 6В04101-Есеп және аудит, 6В04102-Қаржы (IP), 6В0410-Менеджмент (IP), 6В04201- Құқықтану (IP) ББ бойынша «Дене шынықтыру» пәнінен «Жүгіру техникасына дұрыс ұғым беру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында білім алушылар жүгіру техникасын тереңірек танып және практикалық түрде үйренді, әдіс-тәсілдер бойынша алуан түрлі жаттығуларды орындап, үйрене білді. Сабақта дене шынықтыру және жүгіру техникасын үйрету ретінде арналған инновациялық әдістер қолданылды.
«Қатты денедегі ақаулардың түрлері» ашық сабақ
21.11.2024 күні «Ж.А.Тәшенев атындағы университеті» АҚ «Педагогикалық және жаратылыстару ғылымдар» факультеті, «Математика және информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD., С.А.Пазылбек ЕП-22-14к тобына «Қатты дене физикасы» пәні бойынша «Қатты денедегі ақаулардың түрлері» тақырыбында акпараттық дәріс формасында ашық сабақ өткізді. Сабаққа кафедра ПОҚ қатыстып, оқытушының сабақ барысында жаңа тақырыптың теориялық бөлімін толық қамтып, студенттермен өзара тығыз байланыс болғанын жоғары бағалады.
«Анықтауыш есімдіктер» ашық сабақ
Кафедра оқытушысы Жумабаева Г.Р. «6В01422 – Дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау» білім беру бағдарлама бойынша 1 курс студенттеріне «Орыс тілі» пәнінен «Анықтауыш есімдіктер» грамматикалық тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында әр түрлі оқыту әдістері қолданылып, оқушылардың мәтіннен атрибутивтік есімдіктерді табу дағдылары қалыптасты. Студенттер практикалық тапсырмаларды орындау барысында алған білімдерін тәжірибеде сәтті қолданды. Сабақты ұйымдастыру кезінде Жұмабаева Г.Р. жоғары кәсіби қабілеттері мен ұстаздық шеберліктерін көрсетті.
Исмайлова Ақерке Ережепқызы
Білімі:
Түркістан қаласы, Қ.А.Яссауи атындаға халықаралық Қазақ-Түрік университеті. Құқықтану факультеті, Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы, «5В050501 - Әлеуметтану» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрижесі 2008-2012жж.
Шымкент қаласы, Ж.А.Тәшенев атындағы университеті Бастауыш және өнер факультеті, Бастауышта оқыту педагогикасы мен әэдістемесі кафедрасы, «6В01101 Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры дәрежесі 2022-2024жж.
«Жас футболшылардың техникалық және тактикалық дайындығы» ашық сабақ
Білім беру бағдарламасы: 6В01401 – Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау
Топ: Фк-21-1к7
Курс: 4
Студенттер үйінде жиналыс өтті
Бүгін Бәйдібек би 25/1 мекен-жайында орналасқан студенттер үйінде жиналыс өтті.
Жиналысқа әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Ғ.Ш.Битұрсын және факультет декандары, жастар саясаты бөлімі басшысы, медицина қызметкері қатысты.
Жиналыста қаралған күн тәртібіндегі мәселелер: студенттерді жатақхана ережесімен таныстыру, студенттер үйіндегі мүлікті дұрыс пайдалану,қабаттар мен бөлмелерге жауапты адамдарды сайлау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Бүгін Ж.А.Ташенев университетінде барлық білім беру бағдарламасының студентері мен қызметкерлері үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті мен ҚР Мемлекеттік қызмет Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдері семинар өткізді.
«Кристалдардағы электрондық қозу ерекшеліктері мен радиациялық ақаулардың пайда болуы» ғылыми семинар
20.11.2024 күні, сағат 11.30-да «Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» факультеті, «Математика және информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, халықаралық «Болашақ», «Dora5», «Latvian state research scholorship» бағадарламаларының стипендианты, PhD., С.А.Пазылбектің «Кристалдардағы электрондық қозу ерекшеліктері мен радиациялық ақаулардың пайда болуы» тақырыбында ғылыми семинар 204В дәрісханада (Гагарин көшесі 22а) өткізді.
«Жолбарыс жүрек Тәшенев» әдеби кеш
2024 жылдың 20 қарашасында Ж.А. Тәшенев атындағы университеті «Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жолбарыс жүрек Тәшенев» атты әдеби кеш болып өтті.