«Жасыл қала» атты экологиялық іс-шара

«Жұмабек Ахметұлы Тәшенев» атындағы университет АҚ-ның вице-президенті Оңалбай Аяшұлының бастамасымен «Жасыл қала» атты экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараға университеттің проректорлары мен «ІТ және шетел тілдері» факультетітің деканы Ботабаева Ж.Н. және  факультеттердің декандары қатысып, Ақ үй маңына 30-ға жуық шырша отырғызды.  Іс-шараның басты мақсаты – экологиялық сана мен табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ университет аумағын көгалдандыру арқылы аймақтың экологиялық ахуалын жақсарту болды.

Шағын футбол "Re CUP кубоғы"

"Respublika" партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен  "Re CUP кубогына" арналған шағын футболдан университет және колледж студенттерінің арасында жарыс өтті. 
10 команданың ішінен университетіміздің студенттерінен құралған команда ІІІ-ші орынға ие болды. Бұл біз үшін үлкен жетістік.
 

Әдістемелік семинар

29.11.2024 күні Ж.А.Ташенев атындағы университеті “Өнер және спорт” факультеті “Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі” кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистры А.Р. Юсупов ПОҚ құрамына “Дене шынықтыру” пәні бойынша “Дене шынықтыру сабақтарындағы заманауи білім беру және инновациялық технологиялардың негізгі бағыттары” тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Сабаққа кафедра ПОҚ қатысып, оқытушынын сабақ барысында жаңа тақырыптың теориялық бөлімін толық қамтып, өзара тығыз байланыс болғанын жоғары бағалады.

Турсунова Тырна Жамонтаевна

Ғылыми немесе академиялық дәрежесі, лауазымы    педагогика ғылымдарының магистрі; аға оқытушы
Оқытылатын пәндер    

•    Шет тілі
•    Екінші шетел тілі
Зерттеу аумағы:    

•    шет тілін кәсіптік және мамандандырылған оқыту
Кәсіби жетістіктер    Білім және тәрбие саласында жеткен жетістіктері үшін алғыс хаттар
Жарияланымдар    50-нан астам ғылыми мақалалар
 

«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,  филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жантасова Зылиха Тұрарқызына Тәшенев университетінің ректоры Байболов Қанат Сейтжанұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан берілген «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыстады.

«Кибер алаяқтық қылмыстар және оны алдын алу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел

2024 жылғы 29 қарашада сағат 10:00-де «Құқық және бизнес» кафедрасы «Құқықтану» мамандығының студенттері үшін «Кибер алаяқтық қылмыстар және оны алдын алу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға ҚР сот жүйесінің ардагері, Шымкент қаласының Құрметті азаматы А.К. Елшібаев қатысты. Дөңгелек үстелді кафедра меңгерушісі з.ғ.к. Н.Р. Бижан ашты, содан кейін з.ғ.к. Е.Н. Тұрашев презентациямен «Кибер алаяқтық қылмыстар және оны алдын алу жолдары» тақырыбында баяндама ұсынды.

ҚАЗАҚСТАН - ҮНДІСТАН: ҒЫЛЫМИ-МӘДЕНИ-ӘДЕБИ СЕРІКТЕСТІК

Жұмабек Тәшенев атындағы университет әлемдік ТОП университеттермен тығыз байланыс орнатып келеді.  Сондай білім ордаларының бірі халықаралық QS рейтингісінде 521 орынды иеленіп отырған жетекші оқу орны – Индия астанасы Делидегі Жавахарлал Неру (Jawaharlal Nehru) университеті. 

"Білім берудегі эмоционалды интеллект" тренинг

"Орыс және өзбек тілдері" кафедрасының оқытушысы Гүлжан Бектайқызы Қожахметова 2024 жылдың 28 қарашасында университет қызметкерлері үшін өткізді. Ж. А. Ташенева "Білім берудегі эмоционалды интеллект" тақырыбындағы тренинг. Эмоционалды интеллект (ei) - бұл сіздің эмоцияларыңызды білу, түсіну және басқару, сондай-ақ айналаңыздағы адамдардың эмоцияларымен тиімді қарым-қатынас жасау ерекшелігі. Тренингте тыңдаушылар эмоцияларын қалай тануға және басқаруға болатындығы, студенттерді эмоция мен өзара түсіністік арқылы ынталандыру және шабыттандыру жолдары туралы білді.

Ғылыми-тәжірибелік конференциядағы жетістіктері

Ж.А.Тәшенев атындағы университеттің Педагогика және Жаратылыстану ғылымдар   факультеті, «Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі»  кафедрасының профессорлары Қ.Молдабек пен Р.И.Кенжебековалардың  жетекшіліктерімен Маханбаева Юлдуз Пик  22-5к3 және Жиенбай Әсел Пик  22-5к3 топ студенттері М.О.Әуезов атындағы ОҚУ «Әділетті Қазақстан қоғамының жастары және ғылым: бүгіні мен болашағы» тарих, педагогика, психология салалары бойынша ХХVIII-ші студенттердің ғылыми практикалық конференциясында баяндама жасап ІІ, ІІІ-орын иеленді. 

«Абайдың арнау өлеңдері, аудармалары» ашық сабақ

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) м.а. Л.У.Абенова «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» пәнінен «Абайдың арнау өлеңдері, аудармалары» тақырыбында Фи-22-1к оқу тобына ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Студенттерге поэзия саласында арнау өлеңдерінің атқарар қызметінің ерекше, бөлек және биік екендігін жеткізу. Сонымен бірге ақынның әр өлеңінің шығу тарихына, нақты кімге, қашан жазылғаны, дәл сол кезде автордың өмірінде қандай оқиғалар болып жатты деген мәселелерге көңіл бөліну.

Оқиға категориялары