«Композиция» пәнінен ашық практикалық сабақ
2024 жылдың 12 қарашасында «Дизайн» кафедрасының магистрі, аға оқытушысы Калабаева Кызбала Райымбекқызы 6В01403 «Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» БББ бойынша, ПиК-22-16к тобының 3 курс студенттеріне арналған «Композиция» пәнінен ашық практикалық сабақ өткізді.
«Тіл біліміне кіріспе» пәнінен ашық сабақ
2024 жылдың 11 қарашасы, дүйсенбі күні «IT және шет тілдер» факультетінің «Ағылшын тілі» кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Оналбай Б.Т. 1-курс студенттеріне 6B010707 - Шет тілдері (IP) мамандығы бойынша «Тіл біліміне кіріспе» пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы ағылшын тіліндегі шақтар - Perfect Tenses болды. Сабақ барысында студенттер шет тіліндегі шақтарды тереңірек танып, ауызша және жазбаша сөйлеуде күрделі құрылымдар құрастыруды үйренді.
СТУДЕНТТЕР ҮЙІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
2024 жылдың 11 қарашасында Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында жаңа Студенттер үйінің ашылу салтанатын өткізді.
4 қабаттан тұратын заманауи Студенттер үйінде қолжетімді төмен бағамен әлеуметтік дүкен, студенттер асханасы, заманауи би алаңы, кір жуу бөлмесі, интернет желісімен жабдықталған оқу залы білім алушыларға қызмет көрсетеді. Ғимараттың ерекшелігі - барлық бөлмелер мен жүріп-тұру алаңдарына жарық түседі.
«Кодтау теориясының жалпы түсініктері»
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының т.ғ.к.,доцент Ботаева С.Б.2024-2025 оқу жылындағы (І жарты жылдық) ашық сабақ жоспары бойынша 11.11.2024 жылы 210 аудиторияда «Ақпараттық жүйелер негіздері» пәні бойынша ИЭФ -23-13к тобына «Кодтау теориясының жалпы түсініктері» тақырыбымен визуалды дәріс өткізді.
Дөңгелек үстел
2024 жылғы 11 қарашада «Орыс және өзбек тілдері» кафедрасы жұмыс берушілерді тарта отырып, «Орыс және орыс тілінде оқытпайтын орыс тілі мен әдебиеті» (IP) 6B01708 білім беру бағдарламасының сапа мәселелері талқыланған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында Айбек атындағы № 14 мектептің директоры Байбосынова Гаухар Сманқызы Шешендік өнер, Орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі сияқты жаңа пәндерді енгізуді ұсынды.
«Музыка сабағын инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы жандандыру» ашық сабақ
11.11.2024 күні «Ж.А.Тәшенев атындағы университеті» АҚ «Спорт және өнер» факультеті «Саз және ән» кафедрасының ҚР мәдениет қайраткері, магистрант, аға оқытушы Қайнарбаева Айгүл Қалмаханқызы кезектен тыс Гагарин көшесі-22 корпусында ПиК-24-4к 1-курс студенттерімен бірге «Домбыра-І» пәні бойынша «Музыка сабағын инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы жандандыру» атты тақырыпта ашық сабақ өтті. Ашық сабақ өте қызықты ірі тартымды болды. Оқытушы сабақты бастамас бұрын топты үш топқа бөлді. Ұландар, Гәкку және Махамбет. Сабақ барысы 7-тренд бойынша жүргізілді.
Жалпы қалалық сенбілік
Жұмабек Тәшенев атындағы университетінің профессор-оқытушылар мен студенттері 2024 жылғы 9 қарашада Жалпы қалалық сенбілікке қатысты.
Бүгінгі қалалық жалпы сенбілікке шығып, университетімізге бөлінген аумақтың тазалануына үлес қосқан әрбір әріптестер мен студенттерге үлкен Алғыс білдіремін.
Амандикова Гулазия Илесбеккизи
Біліктілік арттыру:
-2022ж. Сертификат «Күрделі диагноздар бойынша логопедтік массаждар тұтықпа балалармен жұмыс» 72-сағат.
-2023ж Сертификат "Логопедиялық бағыттағы әдіс-тәсілдері атты толық,кәсіби логопедиалық 80-академиалық сағат
-2023ж Сертификат "Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған түзету-дамыту әдістерін пайдалану технологиялары 72-сағат
-2023ж Сертификат "Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған жеке дамыта оқытудың әдіс тәсілдері".Сенсорлық интеграция 80-сағат
Кәрібай Күлайхан Жанболатқызы
Жұмыс тәжірибесі:
2019-2021 ж. Шымкент қаласы ТОО «Долана-Бұлақ» медицина орталығында психолог қызметі.
Тілді білуі: қазақша - ана тілім, орысша – орташа, ағылшынша – сөздік
Компьютерді игеруі MS Office, E - mail, барлық интернет браузерлермен жұмыс істеу, Internet, графикалық бағдарламалар, База данных My SQL
Жеке қасиеттері: жауапкершілікті, жан - жақтылық, ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілеттері, кітап оқу,адамдарға психологиялық көмек көрсету.