6В01101-«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ»
background
“«Филология және гуманитарлық білім» факультеті”

Бакалавриат
6В01101-«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ»

img
Сипаттама

Бағдарлама    іргелі білім алуға және болашақ кәсіби қызметінің сипаттамасына сәйкес оны игеру нәтижесінің жалпы талаптарын, кәсіби дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.  Сонымен қатар бағдарлама модульдік оқыту принципі бойынша әзірленген және жұмыс берушілермен келісілген.

Білім алушылардың құқығы мен жеке бас қызығушылықтарын қорғау, олардың оқуы мен психологиялық және дене тұрғысынан дамуын қауіпсіз жағдаймен қамтамасыз ету, психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік мәселелерді шешуде көмектесу және қолдау,білім алушының дамуы мен оқуында туындауы мүмкін мәселелердің алдын алу үшін тұлғаның даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін кешенді түрде диагностикалауілім беру үдерісінің барлық субъекілерінің арасындағы өзара түсіністік пен өзара әрекеттенуді нығайтуға көмектесу,

білім алушылар, оқытушы-профессорлар құрамы, ата-аналар арасында кеңестік ағарту жұмысын жүргізу,білім беру бағдарламаларын психологиялық қамтамасыз ету.

Алынған білім заманауи заңнаманы сауатты қолдануға мүмкіндік 

Бағдарлама мәліметтері
Басталатын
күн
2021-09-01
Өтініш беру
мерзімі
2021-08-25
Бағдарламаның
ұзақтығы
4 жыл
Оқу
формасы
Тұтас
Оқыту
тілі
Қазақша

Осы мамандық бойынша оқығаннан кейін сіз келесі ұйымдарда жұмыс жасай аласыз:

● мектеп педагог -психологы

● педагог –психолог және психолог   ретінде психологиялық және кеңес беру қызметі

● мектепке дейінгі мекеменің педагог- психологы 

● мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың  психологтары

● банктер, сақтандыру және аудиторлық компаниялардың психологтары

● білім беру ұйымдарының психологтары

● орта және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы педагогика- психологиялық  қызметтер

● Коммерциялық ұйымдардың психологтары

Магистратураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын білім беру бағдарламаларын игерген тұлғалар қабылданады.

Магистратураға түсуші тұлғалар ЖОО-ға немесе ғылыми ұйымдарға мынадай құжаттарды тапсырады:

1) ұйым басшысының атына өтінішті (еркін түрде);

2) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесін;

3) жоғарғы білімі туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмесі қосымшасымен;

4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

5) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы мен еңбек қызметін растайтын құжатты (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

6) 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;

7) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

8) кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификат;

Әрі қарай қалай түсу керектігін және қандай құжаттар қажет екенін сипаттаңыз

1) белгіленген үлгі бойынша өтініш;

2) 3x4 көлеміндегі екі фотосурет;

3) алған білімі туралы аттестат (түпнұсқа);

4) жеке куәлігінің көшірмесі;

5) 086-У үлгідегі медициналық анықтама;

6) тест тапсыру үшін төленген ақшаның түбіртегі.

Бұл бағдарлама бойынша оқу ақысы жыл сайын төленеді. Оқу құны – 399000 тенге.

Оқу құны оқу ақысы, дәрістер, семинарлар, жеке консультациялар, кітапханаларды пайдалану, wi-fi кіреді 

Пәндердің атауы

Пәндердің қысқаша сипаттамасы

к/с

 

 

Жалпы білім беретін пәндер циклі

Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті

5

1

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру

 

Кәсіпкерлік саласындағы теориялық және практикалық білімдер. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің басым бағыттары. Кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізу тәжірибесі. Бизнес-жоспарды әзірлеу. Мемлекеттің экономикалық саясаты.

5

 

 

Базалық пәндер циклы

Жоғары оқу орны компоненті

 

2

Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы

Оқушылардың физиологиялық - психологиялық  тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. 

5

3

Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі

Педагогика ғылымының негізінде анықталған оның мақсат-міндеттері, категориялары, құрылымы, әдіснамалық негіздері, негізгі даму кезеңдері, педагогикалық процестің түсініктері, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдары қарастырылады.  

5

4

Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар

Инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары, білім беру қызметінде инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбие процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің заманауи моделдері мен оны іске асыруы жолдары қарастырылады.

3

5

Кәсіби қазақ (орыс) тілі

Қатынастық-дискурстық аспектідегі қазақ (орыс) тілі, кәсіп пен мамандықтың негіздері, іскерлікқатынас мәдениеті. Ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуге және көпшілік алдында сөз сөйлеуге арналған қазақ/орыс тілдеріндегі ауызша және жазбаша тіл. Алуан түрлі мәдени ортада кәсіби қызметті ұйымдастыру.

5

6

Кәсіби бағытталған шетел тілі

Тілдерді меңгеру деңгейі – В1-В2. Мамандықтың пәндік саласына шет тілінің кәсіби-бағдарланған тілінде кіріспе. Базалық категориялық ұғымдық аппарат және оның шет тіліндегі нұсқалары. Кәсіби және ғылыми терминология. Арнайы кәсіби-бағдарланған материал және оны берілген кәсіби жағдайларда пайдалану. Мамандық бойынша пәндік сала мазмұнының шет тіліндегі сипаттамасы.

5

7

Дефектология негіздері

Дефектология – педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылымның арнаулы саласы. Дефектология коррекцияны талап ететін балаларды оқыту, тәрбиелеу, коррекциялау әдістерін, құралдарын жасайды.

4

8

Логопедия

Пән логопедияның принциптері және әдістерімен, басқа ғылымдармен байланысымен,сөйлеу тілінің анатомиялық-физиологиялық механизмімен,артикуляциялық аппараттың ақауларының түрлерімен,сөйлеу тілінің даму кезеңдерімен ,сөйлеу тілі кемістіктерінің жіктелуімен таныстырады. Сөйлеу тілінің бұзылуын анықтайды. 

4

9

Психология

лық-педагогикалық диагностика

Психодиагностикадағы психикалық дамудың белгілі бір заңдылықтарын анықтайды, белгілі бір психикалық құбылыстың себебін табады, дарындылық деңгейін, зеректілігін, зейіннің қасиетін, танымдық процестерін зерттейді. Тұлғаны психологиялық диагностикалайды, психологиялық кеңес беру аясындағы кәсіби біліктілік пен дағдыларды игертеді және мінез-құлқын талдау дағдысын қалыптастырады.

4

10

Мектептегі психологиялық қызмет

Мектеп психологының құжаттамаларын, әр жастағы бала деңгейлерімен жұмыс жүргізуді, психологиялық қызметтің негізгі бағыттарын үйретеді. Мектеп оқушыларының толыққанды психикалық дамуына ықпал жасау, оқу-тәрбие үдерісінде кездесетін нақты психологиялық мәселелерді шешу, әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарау, оның даму жолындағы қиындықтардың себебін және оларды жеңу жолдарын анықтау, оның мүддесін, мүмкіндігін, қабілетін дамытуға бағытталған. 

7

11

Коррекциялық педагогика

Бұл пән педагогикалық коррекция(түзетулер енгізу)қызметінің негіздерімен,дамудағы ауытқушылықтардың классификациясымен,дамудағы ауытқушылықтардың шығу себептері мен механизмдерімен таныстырады,психикасының дамуы тежелген, тірек-қимыл аппараты, есту қабілеті нашар оқушыларды коррекциялық оқыту әдістерімен қаруландырады.

6

Базалық пәндер циклы. Таңдау компоненті

 

 

12

Бағалаудың өлшемдік технологияла

ры

«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесі, процедурасы, құралдары, бағалау және оның түрлері жайлы, білім беру үдерісіндегі бағалаудың орны мен рөлін, критериалды бағалаудың мәні мен мақсатын, жиынтық және қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру жолдарын, өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау, сапалы критерийлерді құрастыруды оқытады.

4

13

Оқыту нәтижелерін диагностикалау

 «Оқыту нәтижелерін диагностикалау»  пәні бақылау және бағалаудың жаңа тәсілдерін, оқыту нәтижелерін диагностикалауды  үйретеді.

 

14

Педагогика тарихы

 Педагогика тарихы дүние жүзіндегі педагогика тарихын зерттейді. Тәрбие, оқыту және білім беру тәжірибесінің пайда болып дамуы және әр тарихи дәуірдегі тәлімдік ой-пікірлер мен теорияларды жүйелеп талдайды. Әр тарихи дәуірдегі, әлеуметтік-экономикалық жағдайларды, педагогикалық идеялар мен ойлауқабілеттерін қалыптастырады. 

6

15

Қазақстандағы педагогикалық ойлардың даму тарихы

Бұл пән Қазақстандағы мектеп тарихының дамуын, педагогикалық идеялар мен ойларды талдап,зерттейді.

 

16

 

Іскерлік қарым-қатынас психологиясы

Іскерлік қарым-қатынас мәдениетінің дамуы мен қалыптасуы, түрлері мен этикасы, ережелері мен нормалары, талаптары мен принциптерін, әдіс-тәсілдері мен формаларын зерттеуді қарастырады.Іскерлік қарым-қатынаста техникалық іскерлік қатынас, психикалық іскерлік қатынас, іскерлік қатынас этикасы, қызметтік этиканың психологиялық ерекшеліктерін анықтайды. 

5

17

Конструктивті қарым-қатынас психологиясы

 Конструктивтік қарым-қатынастың ерекшеліктерін, коммуникация және тұлғааралық қатынастың түрлерін, функционалды міндеттерін сипаттайды. Психологиядағы эффективті қарым-қатынастың теориялық ережелерін, қарым-қатынас барысындағы өзара іс-әрекет ерекшелігін; жанжалды шешу жолдарын, мәдени іс-әрекет пен қарым-қатынас, пікірталас жүргізу, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі талдау қызметі мен мінез-құлық, психологиялық қызметте ғылыми негізделген әдістер мен технологияларды пайдалануды үйретеді. 

 

18

Психологиялық менеджмент

Басқарушылық қызметтің функционалдық құрылымы, психологиялық әдістері, басқарушылық шешімдерді қабылдаудың психологиялық аспектілері және басқарушылық қатынас, стильдері, көшбасшылықтың және сәттілікке жетудің жолдары, мамандарды іріктеу мәселелері қарастырылады.Оқыту,тәрбие және мұғалім психологиясының ерекшеліктері мен принциптерін, психологиялық қарым-қатынастың ережелері мен технологиясын сипаттайды.

 

4

 

 

 

19

 Кәсіби бағыттылықты қалыптастыру

«Кәсіби бағыттылықты қалыптастыру» пәні  оқу орындарындамамандықтың қыр-сырын терең  меңгеруге көмектеседі, студенттерді кәсіби бағыттайды.

 

20

Педагогикалық менеджмент

Оқу-тәрбие жүйесі мен іскерлік әлемде қарым-қатынас жүйесін басқарудың педагогикалық заңдылықтары, даму салалары, басқарушылық қызметтің функционалдық құрылымы, әдістері, басқарушылық шешімдерді қабылдаудың психологиялық аспектілері және басқарушылық қатынас, стильдері, көшбасшылықтың және сәттілікке жетудің жолдары, мамандарды іріктеу мәселелері қарастырылады.

5

21

 Мектептану

«Мектептану» пәні мектептегі жаңашылдықты басқаруды,педагогикалық қарым-қатынасты  және басқару этикасын үйретеді.

 

22

Этнопсихоло

гия және ұлттық сана

Әртүрлі этностардың өзіне тән ұлттық мінезін, этностардың өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Әрбір халықтың рухани әрекетін сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдерді сипаттайды. Әртүрлі халықтар мен мәдениеттер өкілдерінің психикалық ерекшеліктерін, ұлттық дүниетанымын, өздік сана мен этникалық стереотиптердің міндеттерін, қалыптасу заңдылықтарын, ұлттық қоғамдастықтар мен қоғамның қалыптасуын меңгертуді көздейді.  

6

23

Этнопедагоги

ка

Этнопедагогика дегеніміз – этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы, белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік мәдени мұрасы. Ол халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі озат тәжірибесінің мазмұны мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.

 

24

 

 

 

 

 

 

25

Психологияны оқыту әдістемесі

«Психологияны оқыту әдістемесі»студенттерді колледжде психологияны оқытудың заңдылықтарымен, принциптерімен,  әдістерімен, құралдарымен  таныстырады, лекция оқу, семинар, практикалық сабақтарды жүргізу әдістемелерін меңгертеді.

5

Психологиялық тренингтер

«Психологиялық тренингтер» пәні бойынша психологиялық тренингтің теориялық және әдістемелік негіздері, топтық психологиялық жұмыстың жалпы теориялық негіздері, тренингтік топтар түрлері сипатталады. Психологиялық тренингтерді өткізудің жалпы негізін, әлеуметтік психологтың практикада қолданылатын негізгі теориялары мен тәсілдерін, негізгі тренингтік жаттығуларды үйретеді.

5

26

Педагогиканы оқыту әдістемесі

 Бұл пән студенттерді колледжде педагогиканы оқытудың заңдылықтарымен, принциптерімен,әдістерімен,құралдарымен таныстырады. Лекция оқу, семинар, практикалық сабақтарды жүргізу әдістемелерін меңгертеді.

 

 

 

 

6

27

 Педагогикалық тренингтер

 Педагогикалық тренингтер – оқу сапасын арттыруда студенттердің білік пен дағдысын  қалыптастыру мен жетілдіруді  көздейтін, жоспарлы бағдарламамен жүргізілетін әр түрлі жаттығулар жүйесі. Тренинг түрлері: оқу-жаттығу,белсенді оқыту,кәсіби-педагогикалық тренинг.

 

 

28

Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі

«Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі»пәні ғылыми-педагогикалық  іс-әрекеттің мәнімен, ғылыми –педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық принциптерімен таныстырады. Қазіргі педагогикалық зерттеудің мәселелерін, теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістерді, педагогикалық эксперименттің түрлерін, ғылыми зерттеудегі олардың қызметін қарастырады.  

4

 

29

Ғылыми-психологиялық зерттеу әдістемесі

 

«Ғылыми-психологиялық зерттеу әдістемесі» пәніәлемдік және отандық психологиялық ғылымдардың жетістіктерін зерттеу, қазіргі заманғы психологиялық ғылымның негізгі бағыттары мен принциптерін, психологиялық теория мен тәжірибенің қазіргі жағдайын зерттеуге бағытталған.

 

 

30

Білім берудегі инновациялық технологиялар

«Білім берудегі инновациялық технологиялар» пәні педагогикалық технология ұғымымен,педагог ғалымдардың «педагогикалық технология» ұғымына берген анықтамаларымен таныстырады,бастауыш мектептің оқу пәндерінің негізінде оқыту технологияларына сипаттама береді. 

5

 

31

 Мектептегі оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері

«Мектептегі оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері» пәні

мектептегі қазіргі қолданып жүрген жаңа әдіс-тәсілдерді  пайдалану жолдарын көрсетеді.

 

Бейіндеуші пәндер циклі

Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті

 

 

32

Кәсіби педагогика

Кәсіби педагогика–педагогика ғылымының бір тармағы мен оқу пәні.Пән кКәсіби педагогиканың негізгі категорияларымен, педагогикалық жүйе мен оның құрылымдық компоненттерімен,  кәсіптік білімді басқару  теориясымен  таныстырады.

5

 

33

Әлеуметтік психология

Әлеуметтік топтардағы адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, ол топтардың рухани ерекшеліктерін қарастырады. Отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын сипаттайды. 

5

 

34

Әлеуметтік педагогика

Әлеуметтік педагогика – жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін зерделейтін, әлеуметтік ораның нақты шарттарын есепке ала отырып жеке тұлғаға тәрбие беруін оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүйесін әзірлейтін педагогиканың бір саласы. 

5

 

35

Қазіргі психология тарихы

Психология ғылымының даму тарихындағы кезеңдерді: жан туралы ғылым, сана туралы ғылым, жүріс-тұрыс туралы ғылым, психика туралы мәселелерді қарастырады. Шетелдердегі психологиялық ағымдар (мектептер): бихевиоризм, гештальтпсихология, фрейдизм немесе психоанализ, генетикалық психология, гуманистік психологияның ерекшеліктері, теориялары, даму бағыттарын қамтиды. 

5

 

36

Арттерапия

Арт-терапия кәсіби іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде психотерапиямен тығыз байланысты. Арт-терапиядағы процес бейсаналы қақтығыстар және мазасызданулар вербалды психотерапиядағы сөйлеуге қарағанда, көру бейнелері көмегімен жеңіл көрінеді. Психологиядағы арт-терапевтік өзара қарым-қатынасты нығайтуға көмектеседі

5

 

37

 Логотерапия

Логотерапия – психотерапияның В. Франкл талдап – тұжырымдаған теориясы мен практикасы. Логотерапия тұлғаның мінез- құлқындағы және оның дамуындағы негізгі қозғаушы күш адамның өз өмірінің мән- мағынасын іздеу мен жүзеге асыруға ұмтылысы болып табылатынын негізге алады. Адамдардағы неогендік невроздарды емдеу жолдарын ұсынады.

 

 

38

Отбасы педагогикасы

«Отбасы педагогикасы» қоғамның даму тарихында отбасы мен некенің өрістеуі, қазақ халқындағы отбасы мен неке құрудың ерекшеліктері, қазіргі отбасының құрылымы мен дамуы, қызметтері, отбасының әр түрлі кезеңдерде қызмет ету ерекшеліктерімен таныстырады, отбасында баланы тәрбиелеу жолдарын үйретеді.

6

 

39

Креативті тәрбие

 «Креативті тәрбие»  пәні   баланы жан-жақты, шығармашылықпен  жұмыс  істеуге  үйрету  әдістерін оқытады,шығармашылық тұлға қалыптастыру мүмкіндіктерін қарастырады.

 

 

 

 

 

6

 

40

Отбасы психологиясы

Отбасы психологиясы – психологиядағы неке және отбасы проблемаларын зерттейтін пәнаралық бағыт. Отбасы некелесуден, туыстық байланыстардан тұратын шағын топтар, жеке өмірді ұйымдастырудың маңызды формасы және әлеуметтік қоғамдастық түрі.

 

41

Балалар психологиясы

 Балалар психология төмендегі сұрақтарды қарастырады:

балалар психологиясын зерттеу әдістері,

биологиялық және әлеуметтік факторлардың рөлі,психикалық дамыту және үйрету,психикалық дамытуды кезеңге бөлу,балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері.

 

 

42

Педагогикалық психология

Оқу-тәрбие қызметінің, білім беру процесінің әртүрлі жағдайларында адамның интеллектуалдық және тұлғалық дамуының психологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтарын жүйелеп, баяндап, зерттейді. Оқыту психологиясы, тәрбие беру психологиясы, мұғалім психологиясы атты үш саланың мазмұндық құрамын қарастырады.  

4

 

43

Сурдопедагоги

ка, тифлопедагогика

Сурдопедагогика – есту кемістіктері бар балаларды тәрбиелеу және оқыту туралы ғылым, дефектологияның бөлімі. Есту анализаторының қалыпты қызмет етуі баланың жалпы дамуына ерекше маңызы бар. Есту қабілетінің жағдайы баланың сөйлеу тіліне және психикасына әсер етеді. Есту анализаторының бұзылысында ең бірінші сөйлеу тіліндегі ауытқулар болса, екіншілік кемістік таным әрекетінің төмендеуі. 

 

 

44

Кәсіби кеңес беру психологиясы

Адамның жеке өмірінде, кәсіби іс-әрекеттінде, оқуында және басқа да жағдайларда кездескен психологиялық проблемаларын шеше алуы үшін мінез-құлықтың бейімсіз тәсілдерін, психологиялық қиыншылықтарды түсіндіреді. Адамның жеке өмірлік мәелелерін зерттеуге, кикілжіңдерін түсінуге, жағдайды меңгерудің жаңа тәсілдерін іздестіруге көмектеседі. Психолог жағдайды өзгерту процесін тікелей басқара алмайтын, бірақ өзгертуге әрекеттенгенде кеңес беру жүргізіледі.       

5

 

45

Практикалық психология

Практикалық психология – психикалық қасиеттердің көрініс беруін, даму ерекшеліктерінің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерттеп, дамуында ауытқуы бар қасиеттерді өңдеу жолдарын анықтайтын психологиялық ғылымдардың бір саласы. Практик-психолог іс-әрекетінің ерекшеліктері, оның психиатр және психотерапевт іс-әрекетінен өзгешелігі қарастырылады. 

3

 

46

Психотерапия

Адам ауруының себебін болжамдайтын психикалық тәсілдерді және оны емдеу әдістерін, психология мен медицина арасындағы емдік тәжірибе түрін зерттеуді қарастырады. Адам әр түрлі психикалық ауруға, жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне ұшырағанда, оның көмескіленген ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесін сипаттайды. 

5

 

47

Коррекциялық психология

 

Коррекциялық психология психокоррекцияның негізгі міндеттерімен,коррекцияның түрлерімен,психокоррекциялық жұмыс кезеңдерімен, бағыттарымен,психокоррекцияны жүргізуге қойылатын талаптармен таныстырады, ауытқушылығы бар балалармен қалай жұмыс істеу керек екенін үйретеді.

 

5

 

48

Дау-дамай психологиясы

«Дау-дамай психологиясы» қарым - қатынастың деңгейлері, түрлерін,дау - дамай (конфликт) - әрқилы мүддеге бағытталған тараптардың қарама - қайшылықты тайталасын, дау - дамай типтерін, дау - дамай (конфликт) себептерін, психологиялық, физиологиялық,  материалдық, әлеуметтік жақтарын қарастырады, дау - дамайдан шығу жолдарын көрсетеді, дау - дамайды болдырмауға арналған ұсыныстар береді.

3

 

49

Конфликтология

Конфликттердің мәселесі - әлеуметтік психологиялық мәселе. Адам мен қоғам конфликтінің байланысы ежелгі әлеуметтік философиядан бастау алады. Конфликттің түрлерішық және жабық конфликт, мотивациялық конфликтоммуникация (қарым-қатынас) конфликті, мақсатқа жету жолындағы конфликт, статустық конфликт. Бұл пән конфликтті шешу жолдарын үйретеді.

5

 

Қаладан тыс жерлерден келген студенттерді орналастыру үшін 300 орындық студенттік үй жұмыс істейді. Жатақханалардағы орындар бірінші кезекте басқа қаладан келген бірінші курстағы бірінші кезекте орналасуға басым құқығы бар студенттерге бірінші кезекте беріледі.

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің (IQAA) 2021 жылғы сәуірде жүргізген тексеруінің нәтижелері бойынша бағдарлама 5 жылға халықаралық аккредиттеуден өтті.

Басқа мамандықтар
6В01101-«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ»
7М01101-«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ»
6В04201 – «Құқықтану» бакалавры
7М01301 - "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі"
7М01702- «Шетел тілі: екі шетел тілі педагогтарын даярлау»
7М01701- "Қазақ тілі мен әдебиеті" педагогтарын даярлау
7М04101-"Экономика"
7М01601-Тарих пәні мұғалімдерін даярлау
6В01301-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
6В01201-«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ»
6В01402- «Музыка мұғалімдерін даярлау»
6В01403- «Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау»
6В02101- «Дизайн»
«6В01401-ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУ»
6В01501 – Математика мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
6В01502 – Физика мұғалімдерін даярлау
6В01503-Информатика мұғалімдерін даярлау
6В06101-"Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету"
6В06102 -«Информатика»
«6В01504-ХИМИЯ»
6В01506-«География мұғалімдерін даярлау»
«6В01507-ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУ»
6В01509-География-Тарих мұғалімдерін даярлау
6В01505-Биология мұғалімдерін даярлау
«6В05101-БИОЛОГИЯ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
6В01601-«Тарих мұғалімдерін даярлау»
6В04101-Есеп және аудит
6В04402-Қаржы
6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
6В03201-«Кітапхана ісі»
6В01702-Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
6В01703-Шет тілі: екі шет тілі мұғалімдерін даярлау