Tashenev
background

Оқу ісі департаменті

Академиялық мәселелер департаменті

Директор фотосы

Оралбекова Алия Құрбанқызы

Академиялық мәселелер департаментінің директоры
Дәрежесі

PhD докторы, доцент м.а.

Телефон

8702-293-60-00

Email

academ@tashenev.edu.kz

Бөлімдер:
  • Оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімі
  • Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі
  • Мансап және жұмыспен қамту орталығы

Департаменттің негізгі мақсаты – білім беру үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, білім беру бағдарламаларын әзірлеу, бағалау және оқу-әдістемелік қолдау көрсету.

  1. Университеттің академиялық саясатын әзірлеу және іске асыру бойынша факультеттер мен құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді.
  2. Университеттің білім беру бағдарламаларының сапасы мен тұрақты орталықтандырылуын қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен бағалауға мүдделі тараптардың қатысуын қамтамасыз етеді.
  3. Кадрлық әлеуетті қалыптастыру және дамытуға қатысады.
  4. Пәндерді оқыту мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің негізгі әдістерін әзірлейді.
  5. Кәсіби практиканы ұйымдастыру және түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша факультеттердің қызметін үйлестіреді.
  6. Академиялық мәселелер бойынша алқалы органдар, комиссиялар және факультеттердің авторлық ұжымдарының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
  7. Республикалық деңгейдегі алқалы органдарда, сондай-ақ жоғары оқу орындарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауда университеттің ұстанымын білдіреді.
  8. Оқу үдерісін ұйымдастыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптарды анықтайды.
  9. Оқу үдерісін жоспарлауды, ұйымдастыруды, үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз етеді.
  10. Білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру мақсатында академиялық және цифрлық инновацияларды оқу үдерісіне енгізуді ұйымдастырады.
  11. Оқу-әдістемелік мәселелер бойынша консультациялық көмек ұйымдастырады.