"Дизайн" кафедрасы
background

“"Дизайн" кафедрасы”

Кафедрасы
Басты бет / Кафедралар / "Дизайн" кафедрасы
Біз туралы

1998 жылы Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысы, Жетісай ауданы Жетісай қаласында ашылған «Сырдария» университетінің құрамында «Музыкалық білім» кафедрасы алғаш 1998 жылы құрылған. Кафедраны ҚР мәдениет қайраткері Бөрі Иса басқарды. «Бейнелеу өнері және дизайн» бөлімі 2000 жылы ашылды. Бөлімді ең алғаш Суретшілер Одағының мүшесі  Қалмұратов Жеңіс басқарды. 2005 жылы «Бейнелеу өнері және сызу» бөлімі «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедраны ф.ғ.к., доцент Болысбаев Даулетхан басқарды. 2008-2022 жылдары кафедра музыка және көркем еңбек мұғалімдері мен дизайн мамандарын даярлайтын «Өнер және дизайн» кафедрасы болып «Музыкалық білім» кафедрасымен «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедраларының бірігуі негізінде қайта құрылды. Кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты Қожағұлова Гүлнар Есенқызы, Сапарбаева Ұлданай Әлібекқызы басқарды.
2022 жылы Сырдария университеті Шымкентке көшуіне байланысты Ж.А.Тәшенев аты берілді. Осыған орай «Өнер және дизайн» кафедрасы болып құралды, кафедраны аға оқытушы, магистр Ким Ирина Степановна басқарды. 
2023 оқу жылынан бастап «Өнер және саз» кафедрасы болып атанды, сонымен қатар кафедраның меңгерушісі болып педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Тлеубаева Балжан Сейдрамановна тағайындалды.
2023-2024 оқу жылында кафедрада 31 профессор – оқытушы құрамы жұмыс істеді.
Олардың құрамында: ғылым кандидаттары, доценттер – 6; философия докторлары (PhD) – 2; ҚР мәдениет қайраткері – 2; ғылым магистрлері, аға оқытушылар – 12; ғылым магистрлері, оқытушылар – 11 педагог қызмет атқаруда. Кафедрадағы профессор-оқытушылар құрамының базалық білімдері білім беру бағдарламаларына сай.
2024-2025 оқу жылынан бастап университет акционерлік қоғамға айналды, сәйкесінше университет құрылымы өзгерді, кафедра екіге бөлінді, «Саз және ән» және «Дизайн» кафедрасы. 
«Дизайн» кафедрасын Тлеубаева Балжан Сейдрамановна басқаруда.
«Дизайн» кафедрасына қарасты кабинеттердің барлығы тиісті әдістемелік оқулықтармен, көрнекі-құралдармен, аспаптармен және жиhаздармен жабдықталған.
Жаңа оқу жылына кафедраның профессорлық – оқытушылық құрамы – 20 адамды құрайды. Олардың құрамында: профессор-1; ғылым кандидаттары, доценттер – 4; философия докторлары (PhD) – 2; ғылым магистрлері, аға оқытушылар – 9; ғылым магистрлері, оқытушылар-4 педагог. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының негізгі білімі білім беру бағдарламаларына сәйкес келеді.

photo
Кафедра меңгерушісі
Тлеубаева Балжан Сейдраманқызы

кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Телефон: +7 778 738 7003
Материалдық-техникалық базасы