Бүгін Әлем тілдері институтында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
background

Бүгін Әлем тілдері институтында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

2026-04-07

Медиатека / Жаңалықтар / Бүгін Әлем тілдері институтында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

Бүгін Әлем тілдері институтында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Ғылыми жобалар конкурсына студенттер белсенді қатыса отырып, өздерінің жобаларын көпшілік назарына ұсынып, тың идеяларымен ерекшеленді. Конкурс барысында студенттер тіл білімі бағыттары бойынша өзекті тақырыптарды қозғап, ғылыми негізде баяндама жасады. Қатысушылардың зерттеу жұмыстары мазмұн тереңдігімен, жаңашылдығымен және практикалық маңыздылығымен ерекшеленді. Комиссия мүшелері ұсынылған жобаларды жан-жақты бағалап, студенттердің ғылыми зерттеушілік қабілеті мен зерттеу дағдыларына жоғары баға берді. Сонымен қатар, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, ғылыми пікірталас алаңында өз білімдерін шыңдай түсті. Конкурс қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталады. Конкурс жас зерттеушілердің кәсіби дамуына серпін беріп, ғылымға деген қызығушылығын арттыра түсетіні сөзсіз. Ғылыми жұмыстар конкурсының жеңімпаздарының ғылыми жобалары республикалық деңгейде өткізілетін конкурсқа ұсынылатын болады.