оқытушы Мекенбай Р.Т«Қосалқы тарихи пәндер – тарихи деректердің кілті » тақырыбындағы семинар ашық сабақ өткізді.
2026-03-30
АШЫҚ САБАҚ
«Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет» АҚ
«Педагогикалық және гуманитарлық білім беру» факультеті
«Гуманитарлық ғылымдар» кафедрасы
ғ.м., оқытушы Мекенбай Р.Т«Қосалқы тарихи пәндер – тарихи деректердің кілті » тақырыбындағы семинар ашық сабақ өткізді.
Білім алушылардың назарын сабаққа аударып, Қосалқы тарихи пәндер – тарихи деректердің кілті Студенттерге қосалқы тарихи пәндердің маңызын түсіндіру, олардың тарихи деректерді зерттеудегі орнын анықтау және дерекпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Семинар сабақтың өтілу жоспарымен студенттерге құнды ақпараттар ұсынылып, сұрақтарға белсенді жауап берілді. Студенттер семинар сабақ барысында оқытушымен бірігіп тақырыпты егжей-тегжей талқылады.
Ашық сабаққа кафедраның т.ғ.к., қауым.проф С.Н. Апашева, Ж.Д. Шеримбаева, аға оқытушы А.К.Абилова, оқытушы Момынұл Н.М., қатысты. «Қосалқы тарихи пәндер – тарихи деректердің кілті » тақырыбында жаңа ақпараттар мен фактілер айтылды. Семинар сабақ барысында оқу әдістемелік құрал жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер, плакат, презентация, ноутбук, интерактивті тақтамен жұмыс жасалды. Семинарға студенттер белсене қатысып қызығушылығын оятып, түрлі әдіс –тәсілдерді қолдана білген Мекенбай Р.Т. семинар сабағы жоғары деңгейде өткізді. Шығармашыл оқытушы екенін тағы да бір дәлелдеді. Алдағы уақытта тек ізденістер, биік белестер тілейміз!