«Өнер және көркем еңбек» кафедрасының магистр, аға оқытушысы Н.М.Көбеева «Бағалау және дамыту» пәнінен ашық практикалық сабағын өткізді.
2026-03-27
«Өнер және көркем еңбек» кафедрасының магистр, аға оқытушысы Н.М.Көбеева «Бағалау және дамыту» пәнінен ашық практикалық сабағын өткізді.
Тақырыбы: «Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы және өзара бағалау»
2026 жылғы 27 наурызда «Өнер және көркем еңбек» кафедрасының 6В01406-«Көркем білім»(IP) білім беру бағдарламасы, ПиК-24-1к1, ПиК-24-1к2 және ПиК-24-1к3 топтарында өткізілген ашық практикалық сабақ болашақ көркем білім беруде кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталды. Сабақ барысында магистр, аға оқытушы Н.М.Көбеева интерактивті технологияларды қолдана отырып, студенттерді өзін-өзі бағалау және өзара бағалау әдістерімен таныстыру, олардың оқу процесіндегі маңызын түсіндіру, студенттердің рефлексия және бағалау дағдыларын дамыту және басқа да теориялық мәселелер қамтылды. Пән бағдарламасында қарастырылған «Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы және өзара бағалау» тақырыбы аясында студенттер 3 түрлі гүлдер композициясын ұсынды. Ашық практикалық сабақтың мақсаты – студенттердің кәсіби білімін, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. Топтарға бөлінген студенттер лента,шинельді сым, қағаз, пластик, және түрлі қаптама материалдарын пайдалана отырып, ерекше гүл букеттерін дайындады. Тақырыпқа сай, сабақтың соңында студенттер өздерін және бір-бірін өзара бағалау арқылы сабақты қорытындылады. Аталған ашық сабақ студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық ізденістеріне серпін берді деп сенеміз. Сабақ жоғары ғылыми-әдістемелік және педагогикалық деңгейде өткізілді.


