AQYL TECH / IT AIEL SHYMKENT 2026 КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
2026-03-26
Медиатека / Жаңалықтар / AQYL TECH / IT AIEL SHYMKENT 2026 КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
2026 жылғы 26 наурызда Tashenev University базасында AQYL TECH / IT AIEL SHYMKENT 2026 конференция-воркшопы өтті. Іс-шара жасанды интеллект, цифрландыру және адами капиталды дамыту бағыттарындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған кәсіби алаңға айналды.
Конференцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар, IT-сала мамандары, кәсіпкерлер, стартап негізін қалаушылар және студенттер қатысып, технологиялық трансформация жағдайындағы білім беру жүйесінің жаңа моделін қалыптастыру мәселелерін талқылады.
«Жасанды интеллектті дамыту – жоғары білім беру жүйесінің стратегиялық басымдығы. Мұндай алаңдар білім мен өндіріс арасындағы байланысты күшейтіп, жаңа буын мамандарын даярлауға мүмкіндік береді», – атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова.
Конференцияның мазмұндық бөлімі келесі негізгі тректерді қамтыды:
• жасанды интеллектті білім беру бағдарламаларына интеграциялау
• цифрлық экономикаға қажетті құзыреттерді қалыптастыру
• стартап-экожүйені дамыту және технологиялық кәсіпкерлікті қолдау
• EdTech және инновациялық оқыту модельдері
• әйелдердің IT саласындағы рөлін арттыру
Спикерлер қатарында:
• Оңалбай Аяшев
• Динара Щеглова
• Алия Оспанова
• Ирина Ефимова
• Тимур Козыкеев
• Галия Оразалиева
• Меруерт Қуанышбекқызы
• Мадина Иманбердиева
• Шохноза Халметова
• Лаура Асылбек
• Наталья Абрамова
Воркшоп барысында қатысушылар нақты кейстерді талдап, тәжірибелік сессияларға қатысты, сондай-ақ өз идеялары мен жобаларын ұсынды. Интерактивті формат пікір алмасуды жандандырып, практикалық шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Іс-шара қорытындысы бойынша:
• білім беру мен бизнес арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірленді
• студенттер мен жас мамандарды технологиялық жобаларға тарту тетіктері талқыланды
• бірлескен бастамалар мен жобаларды іске асыру бойынша келісімдерге қол жеткізілді
AQYL TECH / IT AIEL SHYMKENT 2026 – өңірде цифрлық экожүйені дамытуға, инновацияларды ілгерілетуге және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға бағытталған маңызды қадам болды.



