Ж. ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ БАЙҚАУДА I ОРЫН ИЕЛЕНДІ!
background

Ж. ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ БАЙҚАУДА I ОРЫН ИЕЛЕНДІ!

2026-03-19

Медиатека / Жаңалықтар / Ж. ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ БАЙҚАУДА I ОРЫН ИЕЛЕНДІ!

«Наурызнама» онкүндігі аясында және «16 наурыз — Мәдениет және салт-дәстүр күніне» орай Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында студенттер арасында интеллектуалдық ойын өтті. Шараны Шымкент қаласының Жастар саясаты басқармасы «NAURYZNAMA – ЖОО БІРЛІГІНІҢ АЛАҢЫ 2026» жобасы аясында ұйымдастырды. Ойынға қаланың 8 жоғары оқу орнының студенттері қатысты.

I ОРЫНДЫ Ж. ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ «ҚЫРАН» КОМАНДАСЫ ИЕЛЕНДІ:

  1. Ибрахим Шұғыла Әбдіразаққызы — «Құқық» мамандығы, ИЭФ-25-6қ, 1-курс

  2. Әбдіғапбарова Мерей Мұхамеджанқызы — «Шетел тілі мұғалімдерін даярлау» мамандығы, ФИ-24-9қ4, 2-курс

  3. Сұлтан Кенесары Бауыржанұлы — «Құқық» мамандығы, ИЭФ-25-6қ, 1-курс

  4. Махаш Айдана Сырлыбекқызы — «Құқық» мамандығы, ИЭФ-25-6қ, 1-курс

  5. Мирсагатов Мырсұлтан Тахирұлы — «Аудит және салық салу» мамандығы, ИЭФ-25-2р, 1-курс

Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды, ал біздің университет студенттері жоғары білім деңгейі мен шығармашылық қабілеттерін көрсете білді!

Қанат Байболов, Ж. Тәшенев университетінің ректоры: «Студенттеріміздің жетістіктері — бұл университеттің дамуы мен заманауи білім сапасының айқын дәлелі. «Қыран» командасын шын жүректен құттықтаймын!»

«ҚЫРАН» КОМАНДАСЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!