Биыл халқымыздың біртуар тұлғаларының бірі – бар ғұмырын елінің бостандығы мен еркіндігі жолындағы күреске арнаған, әрі ақын, әрі батыр Мәделіқожа Жүсіпқожаұлының туғанына 210 жыл толып отыр.
background

Биыл халқымыздың біртуар тұлғаларының бірі – бар ғұмырын елінің бостандығы мен еркіндігі жолындағы күреске арнаған, әрі ақын, әрі батыр Мәделіқожа Жүсіпқожаұлының туғанына 210 жыл толып отыр.

2026-03-18

Медиатека / Жаңалықтар / Биыл халқымыздың біртуар тұлғаларының бірі – бар ғұмырын елінің бостандығы мен еркіндігі жолындағы күреске арнаған, әрі ақын, әрі батыр Мәделіқожа Жүсіпқожаұлының туғанына 210 жыл толып отыр.

Биыл халқымыздың біртуар тұлғаларының бірі – бар ғұмырын елінің бостандығы мен еркіндігі жолындағы күреске арнаған, әрі ақын, әрі батыр Мәделіқожа Жүсіпқожаұлының туғанына 210 жыл толып отыр.

Мәделіқожа Жүсіпқожаұлыға арналған тағылымды кеш А.С. Пушкин кітапханасында өтті. Ақын 1816 жылы қазіргі Түркістан облысы, Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылдық округінің «Қос құдық» деген жерінде дүниеге келген. Бұл туралы Майлықожа Сұлтанқожаұлы:

«Ер Жүсіп айқаста атпен ұрған топқа,

Сауыт тоқтау берген он бір оққа» – деп жырлайды.

Мәделіқожа өмір сүрген дәуір – қазақ халқы үшін аса ауыр кезең еді. Ел бір жағынан Ресей империясының, екінші жағынан Қоқан хандығының қысымына ұшырап, қос бүйірден қыспақ көрді. Осындай қилы заманда өмір сүрген ақын – өз дәуірінің перзенті, заманының шынайы жаршысы болды.

Кешті белгілі суретші Ералы Оспанұлы жүргізді. Шараға ақынның ұрпақтары қатысып, бабаларының аманаты заттарын бүгінге дейін сақталғанын жеткізді.

Сондай-ақ, Жұмабек Тәшенев атындағы оқу орнының ғалым хатшысы, жазушы Зылиха Жантасова қатысып, ақынның әдеби шығармашылығы туралы талдамалы пікір білдірді.

Жұмабек Тәшенев атындағы университетінің  қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері Мәделіқожаның жырларын нақышына келтіре оқыды. Студенттерге жетекшілік еткен оқытушы Мұхтар Нұсқабай да кешке қатысып, өз ойын ортаға салды.