АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАМУ
2025-12-15
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАМУ
2025 жылдың 2-20 желтоқсаны аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясының профессоры, ф.ғ.д. (DSc) Хулкар Хамроева Тәшенев университетінде дәріс оқыды.
Сапар барысында «Өзбек тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері мен магистранттарына «Лингвомәдениеттану», «Тіл мәдениеті және шешендік өнер» пәндері бойынша сабақтар жүргізілді. Сонымен қатар, профессор-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдар үшін «Ғылыми мақала жазу талаптары мен қағидалары» тақырыбында семинар-тренингтер ұйымдастырылды.
Ғылыми-әдістемелік жұмыстармен қатар, Шымкент қаласындағы №112, №107 және №110 мектептерде танымдық іс-шаралар өтті. Кездесу аясында мектеп кітапханаларына кітаптар табыс етіліп, жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Мұндай шаралар халықаралық келісім мен білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған



