«Графикалық және анимациялық құралдар» пәнінен ашық сабақ өтті
background

«Графикалық және анимациялық құралдар» пәнінен ашық сабақ өтті

2026-02-02

Медиатека / Жаңалықтар / «Графикалық және анимациялық құралдар» пәнінен ашық сабақ өтті

«Графикалық және анимациялық құралдар» пәнінен ашық сабақ өтті

Оқытушы: Балғанова Меруерт Сыдыққызы
Тақырып: Компьютерлік графика түсінігі, түрлері және қолданылуы

2026 жылғы 02 ақпанда магистр, аға оқытушы Балғанова Меруерт Сыдыққызы ИЭФ-23-13к1, ИЭФ-23-13к2 және ИЭФ-23-13к3 топтарына «Графикалық және анимациялық құралдар» пәні бойынша «Компьютерлік графика түсінігі, түрлері және қолданылуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты — студенттерге компьютерлік графиканың негізгі ұғымдарын түсіндіру, оның түрлерін ажырату және заманауи ақпараттық технологиялар саласындағы қолданылу бағыттарын меңгерту болды.

Сабақ барысында компьютерлік графиканың теориялық негіздері, растрлық және векторлық графика түрлері, олардың ерекшеліктері мен айырмашылықтары жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар графикалық бағдарламалардың мүмкіндіктері мен практикалық қолданылу салалары нақты мысалдар арқылы талданды. Теориялық материал тәжірибелік тапсырмалармен ұштастырылып, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Ашық сабақ оқу үдерісінің талаптарына сәйкес жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Студенттер сабаққа белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды орындау арқылы өз білімдерін көрсетті. Сабақтың мазмұны мен құрылымы қойылған мақсаттарға толық сәйкес келді.