🎓 Жақсы жаңалық!
2026-03-05
Медиатека / Жаңалықтар / 🎓 Жақсы жаңалық!
🎓 Жақсы жаңалық!
Бүгін 3-курс студенттері педагогикалық және өндірістік практика бойынша есептерін сәтті қорғады. Студенттеріміз өз білімдері мен тәжірибелерін жоғары деңгейде көрсетіп, комиссия тарапынан лайықты бағасын алды.
Практика барысында кәсіби құзыреттіліктерін дамытып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырған білім алушыларымызға алдағы оқу жолында толағай табыс тілейміз!
Практика базаларына, университет ұжымына және кафедрамыздың профессор-оқытушылар құрамына қолдау көрсетіп, сапалы тәжірибе ұйымдастырғандары үшін шынайы алғыс білдіреміз. Бірқатар студенттеріміз алғыс хаттармен марапатталды.
Студенттерімізге сәттілік, биік белестер және жарқын болашақ тілейміз!



