«ІТ және жаратылыстану ғылымдары» факультеті деканының №125 және №72 мектептерге іс-сапары
2026-03-05
«ІТ және жаратылыстану ғылымдары» факультеті деканының №125 және №72 мектептерге іс-сапары
ІТ және жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы Душабаев Д.Ш., декан орынбасары, PhD, аға оқытушы Нахипова Венера Исмаиловна және «Математика және физика» кафедрасының практика бөліміне жауапты аға оқытушы Темірбеков Б.Ж. 3-курс студенттерінің педагогикалық практикасының өту барысымен танысу мақсатында №125 және №72 жалпы орта білім беретін мектептерге арнайы іс-сапармен барды.
Іс-сапар барысында факультет өкілдері мектептердің оқу-тәрбие үдерісімен танысып, студенттердің ашық сабақтарына қатысып, олардың кәсіби дайындығына баға берді. Болашақ педагогтардың сабақ өткізу әдістемесі, оқушылармен қарым-қатынасы және пәнді меңгеру деңгейі жоғары екені байқалды.
№125 мектепте факультет басшылығы мектеп директоры Альжанова Газиза Кенбаевнамен және оқу ісі жөніндегі орынбасары Жораева Загипа Рысбековнамен кездесіп, педагогикалық практиканың маңызын атап өтті. Кездесу барысында алдағы бірлескен жоспарлар мен ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Ал №72 жалпы орта білім беретін мектепте факультет өкілдері мектеп директоры Усманов Бегмат Нуралиевичпен, сондай-ақ директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары Халджанова Қасиет Рахметовнамен кездесіп, педагогикалық практиканың тиімді ұйымдастырылуы мен студенттердің кәсіби тәжірибе жинақтауы жөнінде пікір алмасты.
Мектеп әкімшілігі студенттердің талапты, талантты әрі білімді екенін атап өтіп, олардың болашақта білікті педагог маман болатынына сенім білдірді.
Бұл іс-сапар студенттердің кәсіби шеберлігін арттыруға, педагогикалық тәжірибесін жетілдіруге және жоғары оқу орны мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.




