2025 жылғы 13 қараша күні сағат 11:30-да 101 аудиторияда ПИК 23-6к тобында Б.А.Аяпованың ұйымдастыруымен «Материалдар мен еңбек әрекетіне сипаттама, бұйымдар жасау технологиясы. Қағазбен жұмыс істеу әдісі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
2025-11-13

Сабақтың мақсаты – білім алушыларға қағазбен жұмыс істеудің негізгі әдіс-тәсілдерін меңгерту, материалдар мен еңбек әрекетінің ерекшеліктерін түсіндіру, қағаздан әртүрлі бұйымдар жасау технологиясымен таныстыру. Сонымен қатар білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қол еңбегіне деген қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, эстетикалық талғамға және еңбек мәдениетін сақтауға тәрбиелеу көзделді.
Ашық сабақ барысында студенттер материалдар мен еңбек әрекетінің ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейтті. Қағазбен жұмыс істеудің негізгі әдіс-тәсілдерін меңгеріп, қағазды бүктеу, қию, жапсыру және пішіндеу сияқты жұмыстарды орындауды үйренді. Сонымен қатар бұйымдар жасау технологиясының кезеңдерімен танысып, қарапайым қағаз бұйымдарын дайындау дағдыларын қалыптастырды.