2026 жылы 3 наурыз күні «KMF Банк» акционерлік қоғамының Шымкент қалалық филиалы және Ж.А.Тәшенев атындағы университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
2026-03-03
2026 жылы 3 наурыз күні «KMF Банк» акционерлік қоғамының Шымкент қалалық филиалы және Ж.А.Тәшенев атындағы университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумды іске асыру мақсатында «KMF Банк» АҚ Шымкент қаласындағы филиалының директоры Дуанаев Арманбай Ерубаевич және кадрлар жөніндегі менеджері (HR) Аминова Гүлмейрам Қойшыбекқызы университетімізге арнайы келді. Олардың қатысуы – екі тарап арасындағы серіктестіктің маңыздылығын айқындайтын айқын көрсеткіш. Аталған меморандум құжаты білім беру және қаржы секторы арасындағы институционалдық өзара іс-қимылды дамытуға, кәсіби кадрларды даярлау сапасын арттыруға және практикалық-бағдарланған оқыту тетіктерін жетілдіруге бағытталған.
Меморандумның негізгі мақсаты – жоғары білім беру үдерісін еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкестендіру, студенттердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыру және олардың тәжірибелік дағдыларын жетілдіру болып табылады.
Ынтымақтастық аясында тараптар келесі бағыттар бойынша бірлескен қызметті жүзеге асыруға келісті:
• білім алушыларға өндірістік және дипломалды тәжірибені ұйымдастыру;
• қаржы және кәсіпкерлік салалары бойынша ғылыми-практикалық семинарлар мен дәрістер өткізу;
• ақылы тағылымдамадан өту;
Аталған меморандум тараптардың ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестігін нығайтуға, академиялық білім мен өндірістік тәжірибенің интеграциясын қамтамасыз етуге және өңірлік әлеуметтік-экономикалық дамуға үлес қосуға бағытталған.



