ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ИНТЕГРАЦИЯСЫ
background

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ИНТЕГРАЦИЯСЫ

2025-09-18

Медиатека / Жаңалықтар / ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ИНТЕГРАЦИЯСЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ИНТЕГРАЦИЯСЫ

2025 жылдың 18 қазан күні Қоқан университетінде «Жаһандану жағдайындағы ана тілі мен әдебиетінің әлеуметтік маңызы және оны сақтау қағидаттары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында ынтымақтастықтың жаңа кезеңдері белгіленді.

Халықаралық конференция аясында Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің Академиялық ұтқырлық орталығының басшысы Шахло Наралиева баяндама жасап, жоғары деңгейдегі ғылыми ортаның ықыласына бөленді. Бұл сапар екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы академиялық байланыстарды жаңа белеске көтерудегі маңызды қадам болды.