Университетімізде студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған «Эмпатиялық тыңдау және тиімді қарым-қатынас» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.
background

Университетімізде студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған «Эмпатиялық тыңдау және тиімді қарым-қатынас» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.

2026-02-19

Медиатека / Жаңалықтар / Университетімізде студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған «Эмпатиялық тыңдау және тиімді қарым-қатынас» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының ғылым және жоғарғы білім министрлігі

«Ж.А.Тәшенев атындағы университет» АҚ

 

 

«Педагогикалық және гуманитарлық білім беру» факультеті

«Педагогика және психология» кафедрасы

 

     2025-2026 оқу жылының «Эмпатия» кеңес беруші ресурстық қолдау орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес.

                  Эмпатиялық тыңдау және тиімді қарым-қатынас тренингі өтті

Университетімізде студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған «Эмпатиялық тыңдау және тиімді қарым-қатынас» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың бір-бірін түсіну, тыңдай білу, эмоцияны дұрыс жеткізу және жанжал жағдайларын мәдениетті түрде шешу қабілеттерін жетілдіру.

Тренинг барысында қатысушылар эмпатия ұғымының маңызын, белсенді тыңдау әдістерін, тиімді сұрақ қою және кері байланыс берудің негізгі қағидаларын тәжірибелік тапсырмалар арқылы меңгерді. Сонымен қатар түрлі өмірлік жағдаяттарға негізделген ойындар мен топтық жаттығулар студенттердің өзара сенімін арттырып, ашық қарым-қатынас орнатуына ықпал етті.

Іс-шара студенттердің қызығушылығын тудырып, қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, пайдалы тәжірибе жинақтады. Мұндай тренингтер жастардың тұлғалық дамуына, эмоционалдық интеллектінің қалыптасуына және оқу орнындағы қолайлы психологиялық ортаның нығаюына өз үлесін қосады.