📚 Пікір алмасу және әдістемелік талдау
2026-02-17
Р. Мырзашев атындағы №76 жалпы орта білім беретін мектептің 4 «В» сыныбында өткізілген «Қазақстан көлдері» тақырыбындағы ашық сабақтан кейін кәсіби пікір алмасу ұйымдастырылды.
Іс-шараға №76 мектеп директоры Тажен Абдыхалык Жаксылыкұлы, Ж.А. Ташенев университетінің п.ғ.д., профессор Қ. Молдабек, п.ғ.к., профессор Р.И. Кенжебекова, сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімі Т.Т. Молдабекова қатысты.
Пікір алмасу барысында сабақтың мақсат-міндеттері, құрылымдық жүйелілігі, қолданылған оқыту әдістерінің тиімділігі және оқушылардың оқу белсенділігі жан-жақты талқыланды. Қатысушылар сабақтың мазмұндық сапасын, педагогикалық тәсілдердің орынды қолданылуын және білім алушылардың белсенді қатысуын оң бағалады.
Кездесу қорытындысы бойынша болашақ педагогтың кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар беріліп, тәжірибе алмасу мазмұнды әрі нәтижелі өтті.


