📚 Ашық сабақ өтті
background

📚 Ашық сабақ өтті

Медиатека / Жаңалықтар / 📚 Ашық сабақ өтті

Р. Мырзашев атындағы №76 жалпы орта білім беретін мектептің 4 «В» сыныбында «Әдебиеттік оқу» пәнінен ашық сабақ өткізілді.

👩‍🏫 Сабақты өткізген: ПИК-23-5к-12 топ студенті, практикант Қажансақова Аружан Ерболовна

Сабаққа Ж.А. Ташенев университетінің педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ. Молдабек, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Р.И. Кенжебекова, сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімі Т.Т. Молдабекова қатысты.

🎯 Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, әдеби шығарманы түсіну, талдау және өз ойын жүйелі жеткізу қабілеттерін дамыту.

📌 Сабақтың міндеттері:

Мәтін мазмұнын саналы түсінуге бағыттау;

Кейіпкерлер іс-әрекетіне талдау жасауға үйрету;

Оқушылардың сыни және шығармашылық ойлауын дамыту;

Сұрақтарға толық, дәлелді жауап беру дағдыларын қалыптастыру;

Оқу сауаттылығы мен тілдік қорын жетілдіру;

Топтық жұмыс арқылы белсенділікті арттыру.

Сабақ барысында заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, оқушылардың белсенділігі мен пәнге қызығушылығы жоғары деңгейде байқалды. Қатысушылар сабаққа кәсіби талдау жасап, оң пікірлер мен әдістемелік ұсыныстар білдірді.

Ашық сабақ әдістемелік тұрғыдан жоғары бағаланды.