Академиялық ұтқырлық
2026-02-16
Ж.А.Ташенев атындағы университет
«Мектепке дейінгі оқыту және психология» кафедрасының
ПиК 23-7к тобының студенті
Султанова Малика Алишерқызы
26.10.2024 – 04.02.2025 жылдар аралығында
Өзбекстан университетінде
«Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы» аясында білім алып,
білім көкжиегін кеңейтіп, тәжірибесін дамытып қайтты.
Білімге деген құштарлығы артып,
Ізденіспен биік белестерді бағындырды.
Шет елде жүріп те талаптан таймай,
Жаңашылдыққа нық қадам жасай білді.
Сонымен қатар «Психологтар күні» мерекесіне
Белсене қатысып, өнері мен білімін танытты.
Қоғамдық өмірге атсалысып, белсенділік көрсетіп,
Алғыс хатпен марапатталып, мәртебесін асқақтатты.
Талапты жас – болашақтың тірегі,
Білімді ұрпақ – ел ертеңінің жүрегі.
Маликадай ізденімпаз студенттер барда,
Жарқын болмақ университеттің мерейі!

