3-курс білім алушыларының кәсіби педагогикалық практикасы
background

3-курс білім алушыларының кәсіби педагогикалық практикасы

2026-12-05

Медиатека / Жаңалықтар / 3-курс білім алушыларының кәсіби педагогикалық практикасы

3-курс білім алушыларының кәсіби педагогикалық практикасы 6В01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламаларының 3-курс білім алушылары оқу жоспарына сәйкес кәсіби педагогикалық практикадан өтті. Практиканың мақсаты – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, жаңартылған білім беру мазмұнына сай оқыту, бағалау және оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша практикалық дағдыларын дамыту, сондай-ақ цифрлық білім беру технологияларын қолдану құзыреттілігін жетілдіру. Практика барысында білім алушылар бастауыш білім беру ұйымдарының жұмысымен танысып, сабақтарды жоспарлау және өткізу, заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану, жиынтық және формативті бағалау жүргізу, сондай-ақ электрондық білім беру платформаларымен жұмыс істеу тәжірибесін меңгерді. Кәсіби педагогикалық практика болашақ педагогтердің теориялық білімін практикамен ұштастырып, олардың кәсіби дайындығын арттыруға мүмкіндік берді.