СТУДЕНТТЕР ҮШІН ЖАЙЛЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ ОРТАДА ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ
background

СТУДЕНТТЕР ҮШІН ЖАЙЛЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ ОРТАДА ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ

Медиатека / Жаңалықтар / СТУДЕНТТЕР ҮШІН ЖАЙЛЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ ОРТАДА ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ

Кеше Tashenev University студенттері үшін арнайы тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Оған әлеуметтік жұмыс жөніндегі уақытша міндетін атқарушы проректор Камилла Сугирбекова және университеттің жастар орталығының басшысы Нұрай Жақабай жетекшілік етті.
Студенттерге жатақхана ішкі тәртібін сақтаудың маңызы, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жауапкершілік тақырыптары түсіндірілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, тәжірибелік кеңестер алды.
Сонымен қатар, барлық студенттерге жатақханаға жайлы орналасу мүмкіндігі қамтамасыз етілгені айтылды. Жатақханалар барлық қажетті жағдайлармен – ыңғайлы орындықтар, оқу орындары, тұрмыстық құралдар және қауіпсіздік шараларымен жабдықталған.
Камилла Сугирбекова атап өтті:
“Біздің басты мақсатымыз – студенттердің қауіпсіз, жайлы және тәртіпті ортасында білім алуына жағдай жасау. Әр студент өзіне тиесілі орынға ие болып, барлық қажеттіліктерін толық қамтамасыз ете алуы тиіс.”
Мұндай шаралар университетімізде тұрақты түрде өткізіліп, студенттердің тәртіптік мәдениетін қалыптастыруға және қауіпсіздік сезімін нығайтуға бағытталған.