СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
2026-01-28
Медиатека / Жаңалықтар / СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
Университетте студенттердің еңбек нарығына бейімделуіне және кәсіби әлеуетін арттыруға арналған мазмұнды іс-шара өтті. Кездесу барысында болашақ мамандарға өзін дұрыс таныта білу, жұмысқа орналасу барысында маңызды саналатын құжаттарды сауатты рәсімдеу және жұмыс берушілердің негізгі талаптары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Іс-шараның құрметті қонағы — Шымкент қаласы әкімдігі Еңбек мобильділігі орталығының маманы Жұмашева Нұрсәуле Нұрғалиқызы. Ол қазіргі еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар, жастар үшін ашық мүмкіндіктер және кәсіби жолды саналы жоспарлаудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесуге университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысып, студенттердің кәсіби қалыптасуына қатысты өз ой-пікірлерін білдірді. Ашық форматта өткен іс-шара жастарға пайдалы кеңестер беріп, олардың болашақ мансабына сенімді қадам жасауына серпін берді.
«Жастар үшін ең маңыздысы — еңбек нарығының талаптарын түсіну және өз мүмкіндігін дұрыс бағалай білу. Бұл болашақтағы табысты мансаптың берік негізін қалайды», — деді Жұмашева Нұрсәуле Нұрғалиқызы.


