2025жылдың 25-қыркүйек күні IT және жаратылыстану ғылымдары, Химия және биология кафедрасының 6В01507-Химия-биология мұғалімін даярлау мамандығының ЕП 25-7к I, II оқу топтарының “Жалпы химия” пәнінен дәріс сабағы ашық түрде өткізілді.
2025-11-03
2025жылдың 25-қыркүйек күні IT және жаратылыстану ғылымдары, Химия және биология кафедрасының 6В01507-Химия-биология мұғалімін даярлау мамандығының ЕП 25-7к I, II оқу топтарының “Жалпы химия” пәнінен дәріс сабағы ашық түрде өткізілді.
Сабақтың тақырыбы: Химиялық байланыс.Химиялық байланыстардың түрлері тарауын пысықтау сабағы
Cабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: Қызықты сұрақ-жауап, проблемалық теңдеулер шешу, топтық жұмыстар, «Миға шабуыл» «ПАЗЛ» әдісі т.б.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, химиялық құрал жабдықтар мен реактивтер т.б.
Өтілетін орны: 104 ауд
Сабақтың мақсаты: Химиялық байланыс. Химиялық байланыстардың түрлері тарауы бойынша студенттердің білімдерін пысықтау, қорытындылау сабағы.
1. Химиялық байланыс.
2. Химиялық байланыстардың түрлері және олардың түзілу механизмдері:
3. Иондық, полюсті және полюссіз ковалентті байланыс; металл; сутектік (донорлық-акцепторлық) байланыс.
4. Иондар туралы түсінік, оның қалыптасу механизмі.
Сабақтың міндеттері:
1. Химиялық байланыс түрлері бойынша студенттердің білімдерін пысықтау.
2. Тарау бойынша алған білімдерін, сабақта қолдана отырып, химиялық есептер шығару, тәжірбиелер жасау, химиялық реактивтерді дұрыс пайдалану дағдыларын дамыту.
3. Өзіндік топпен жұмыс жасауға, оқылған затты талдай білуге, салыстыра отырып, қорытынды жасауға, өз білімін көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі: студенттердің сабаққа қатысуы мен әзірлігі тексеріліп, назарын сабаққа шоғырландыру. Қорытынды сабағының ережесімен, бағалау әдісімен таныстыру
1. Негізгі бөлім: Тақырып бойынша ақпарат жасалады.
2. Тақырып бойынша қызықты сұрақтарға жауап береді.
3. «Миға шабуыл» стратегиясы жалпы сұрау.
4. «ПАЗЛ» әдісі ( Саралау тапсырмасы).
5. 5) «Ой қозғау» стратегиясының «Келісемін, келіспеймін» әдісі арқылы сұрақтарға жауап жазады.
1.Негізгі бөлім: Химиялық байланыс. Химиялық байланыстардың түрлері бойынша мәлімет беру.
1. Химиялық байланыс туралы ілімнің дамуы
2. Химиялық байланыстардың түзілу механизмін түсіндір
3. Коваленттік байланыс теориясын түсіндіру
4. Ковалентті полюссіз байланысты түсіндір.
5. Коваленттік байланыстың донорлық-акцепторлық механизмі
6. Ковалентті полюсті байланысты түсіндір
2) «Тақырып бойынша қызықты сұрақтар» Сұрақ – жауап:
1. Байланыстарды үзу қандай процестерден тұрады?
Химиялық реакциялардың барлығында байланыстар үзіледі. Реакция барысында кейбір атомдар арасындағы байланыстар үзіледі, және жаңа байланыстар түзіледі. Байланыстар үзілгенде энергия жұтылады, ал жаңа байланыстар түзілгенде энергия бөлінеді.
2. Барлық байланыстардың күші бірдей ме?
Жоқ. Кейбір байланыстар өте мықты, ал кейбірлері өте әлсіз. Мысалға, темір секілді металдарда, немесе гауһар секілді қатты заттарда байланыстар өте берік, сондықтан олардың балқу температуралары өте жоғары. Олардың бөлшектері арасындағы байланыстарды үзу үшін энергияның орасан мөлшері қажет.
3. Су қайнағанда байланыстар үзіле ме?
Қайнау химиялық процесс емес, себебі оның нәтижесінде ешқандай қосылыс түзілмейді. Су молекулаларының ішіндегі берік O-H ковалентті байланыстары үзілмейді. Алайда, суды қыздырғанда, су молекулалары бірбірінен тебіліп, су молекулалары арасындағы әлсіз тартылыс күштері азаяды. Бұл үшін біз энергиямен қамтамасыз етуіміз қажет.
4. Металдағы атомдарды не ұстап тұрады?
Металдар сыртқы қабаттағы элеткрондарын өте оңай жоғалта алады, және олардың барлығы электрондар “теңізін” құрайды. Электрондарын жоғалтқан атомдар катион деп аталатын оң иондарға айналады. Бұл катиондар тор деп аталатын үлкен, тұрақты, үш өлшемді құрылымда орналасқан.
3) «Миға шабуыл» стратегиясы жалпы сұрау.
-Металдар неліктен иілгіш (пішінге оңай келтіріледі)?
Металл сығылғанда, металл катиондарының қабаты бір-бірінің үстімен сырғиды да, электрон теңізі бос кеңістіктерге қарай ағады. Металл сынбайды, бұзылмайды, тек өз пішінін өзгертеді.
- Алтын сақиналар неліктен таза алтыннан жасалмайды?
Қорытпа – металдар мен өзге элементтердің, әдетте бір металл мен өзге металдың қоспасы. Қорытпаның мысалы ретінде қола (мыс + қалайы), жез (мыс +цинк ), дәнекер (қорғасын + қалайы) және болатты (темір + көміртегі) айтуға болады.
-Иондық байланыс деген не?
Иондық байланыс – оң зарядталған иондар (әдетте металдар), мысалға натрий иондары Na+, мен теріс зарядты (әдетте бейметалл) иондардың, мысалға хлор иондары Clарасындағы тартылыс. Иондардан жасалған қосылыстар оң және теріс зарядты иондардың үлкен торынан тұрады. Иондар арасындағы тартылыс электростатикалық тартылыс деп аталады.
-Тұз секілді иондық қосылыстар неліктен электр тогын металдар сияқты өткізбейді?
Иондық қосылыстар электр тогын өткізе алады, тек қатты күйде өткізе алмайды. Қатты натрий хлориді электр тогын өткізе алмайды, себебі натрий иондары мен хлор иондары бір орында бекіген және қозғала алмайды.
4) «ПАЗЛ» әдісі ( Саралау тапсырмасы). Топтық жұмыс
А) Неліктен күміс секілді материал өте кішкентай нанобөлшек формасында болғанда, қасиеттерін өзгертеді?
Нанобөлшектердің өлшемі өте кішкентай, яғни күміс тостаған секілді күмістің қатты бөлшегіне қарағанда, оларда бактериямен әрекеттесуге әлдеқайда үлкен аумақ бар. Олар химиялық реакция жылдамдығын күрт арттыратын катализатор секілді жұмыс атқарады. Бұл күміс нанобөлшектерінің термен қоректеніп, жағымсыз иіс шығаратын бактерияларды өлтіруде қолданылуын түсіндіреді.
С) Нанотехнология деген не, ол қауіпсіз бе?
Нанотехнология деген, аты айтып тұрғандай, затты атомдық не молекулалық өлшемде, яғни 1 нанометрде пайдалану. Нанотехнология өзінің бастапқы даму кезеңінде, біз заттарды атомға атомды қосып жасауды және өлшемдері дәлме-дәл ұқсас, бірақ қасиеттері мүлдем өзгеше материалдарды жасауды үйреніп келеміз. Мысалы, күміс нанобөлшектері бактерияларды өлтіреді, сондықтан біздің табанымыздағы жағымсыз иісті тудыратын бактерияларды өлтіру үшін шұлықтарда қолданылып келеді. Титан диоксидінің нанобөлшектері кейбір Күннен қорғайтын құралдарда пайдаланылады. Оның өзге де қолданыстары көп, мысалы медицинада, ауыл шаруашылығында, және, мүмкін, болашақта тіпті нанороботтар деп аталатын молекулалық машиналарды жасауда да қолдана аламыз. Нанотехнологияның күрделі бөлігінің моделі • Ұсынылатын фильмдер – Нанотехнология дегеніміз не? – Нанотехнология: Қауіпті емес пе? Қосымша сұрақ С12. Неліктен күміс секілді материал өте кішкентай нанобөлшек формасында болғанда, қасиеттерін өзгертеді? Нанобөлшектердің өлшемі өте кішкентай, яғни күміс тостаған секілді күмістің қатты бөлшегіне қарағанда, оларда бактериямен әрекеттесуге әлдеқайда үлкен аумақ бар. Олар химиялық реакция жылдамдығын күрт арттыратын катализатор секілді жұмыс атқарады. Бұл күміс нанобөлшектерінің термен қоректеніп, жағымсыз иіс шығаратын бактерияларды өлтіруде қолданылуын түсіндіреді. Күміс нонобөлшектері бар шұлықтар суға батырылғанда, ол бөлшектерді суға шығаратыны анықталды. Яғни, теория жұзінде, олар ас қорыту жүйесіне және одан да үлкен ортаға түсіп кетуі мүмкін. Нанобөлшектердің кішкентай болатыны сонша, олар денеге салыстырмалы түрде оңай еніп кетіп, жасуша мембраналарына өте алады. Сондықтан бұл жаңа технологиялардың қауіпсіздігі туралы үрей бар, оларды пайдалану туралы нұсқаулық пен бізге әсері зерттеліп жатыр. Бұл материалдардың ұзақ мерзімдік кері әсері барын айту әлі ерте
5) «Ой қозғау» стратегиясының «Келісемін, келіспеймін» әдісі арқылы сұрақтарға жауап жазады.
1-тапсырма Су тоқ өткізеді. (келісемін).
Ас тұзының судағы ерітіндісі тоқ өткізбейді. (келіспеймін).
Металдар тоқ өткізеді. (келісемін)
Қатты күйдегі ас тұзы тоқ өткізеді. (келісемін)
Этил спирті тоқ өткізеді (келіспеймін)
Қызықты тәжірибелер көрсету
ЕП25-7к I, II студенттері қызықты тәжірибелер көрсетеді.
Арнау
Данышпан жолмен жүріп осындағы,
Белгілі сан ғылымның ашылғаны.
Әлемнің білу үшін сырын жетік,
Химияны оқы дағы үйрен тағы.
Күшейтеміз химияның сапасын,
Берер бізге болашақ ақ батасын.
Ғылымдардың негізгі бір саласы,
Химиямыз мәңгі - бақи жасай берсін!
Сабақты қорытындылау: Қорытынды сабақ барысында жіберілген қателіктерге талдау жасау, студенттердің орындаған жұмыстарын және жалпылама тақырыпты қортындылау.
Бағалау: Әрбір жауап берген студент бағаланады. Студенттердің сабаққа қатысу белсенділігін, әрбір алған балдарын “Бағалау парағы”–на түсіре отырып, қортынды балл шығарады. Студент сабақ соңында қаншалықты бағаланғанын көреді.

