🎬 Movie Club: Halloween Special
background

🎬 Movie Club: Halloween Special

2025-10-31

Медиатека / Жаңалықтар / 🎬 Movie Club: Halloween Special

Halloween мерекесінің қарсаңында Шетел тілдер факультетінде кафедра оқытушылары мен студенттерінің ұйымдастыруымен Movie Club: Halloween Special атты іс-шара өтті.
Студенттер жылы әрі жайлы атмосферада жиналып, тақырыптық фильмді тамашалап «Монахиня қарғысы» (2018), сюжет туралы пікір алмасты және жақсы көңіл күйде уақыт өткізді. 🎃
Көрсетілім бейресми әңгімелермен, жеңіл тәттілермен және күзгі мерекенің жылы әсерімен өрбіді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — ағылшын тілдік ортаны қалыптастыру және әртүрлі топ студенттерін біріктіру, фильмдерді бірлесе талқылау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Movie Club студенттердің тыңдалым, айтылым және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын жетілдіріп, ағылшын тілді елдердің мәдениетіне деген қызығушылықты арттырады.
Қатысушылардың пікірінше, кездесу қызықты және шабыттандыратын болды. Олар мұндай іс-шаралар ағылшын тілін аудиториядан тыс қолдануға ынталандыратынын және оқу процесін жандандыратынын атап өтті.
📍 Өткізілген күні: 31 қазан
📍 Өткізілген орны: 212 аудитория, Ильяев көшесі, 33
Іс-шара ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, келесі Movie Club кездесулеріне шақырады!