Оңтүстік Кореядан келген Делегация
background

Оңтүстік Кореядан келген Делегация

2025-06-17

ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ: «ТАШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІН СЕНІМДІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ ЗОР ӘРІПТЕС РЕТІНДЕ КӨРЕМІЗ»
Медиатека / Жаңалықтар / Оңтүстік Кореядан келген Делегация

 2025 жылғы 17 маусымда Ташенев университетіне Global Korea Center атты оңтүстіккореялық компания делегациясы ресми сапармен келді. Делегацияны компания директоры Хон Джин Сон (Hong Jinsung) бастап келді.
Сапар құрамында сонымен қатар:
• Чжэсон Че (Jaesung Choi)
• Чонтэ Пак (Jongtae Park) болды.
 Кездесу барысында екі тарап келесі бағыттар бойынша ұзақ мерзімді әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады:
• студенттер мен оқытушылар арасындағы академиялық алмасу,
• бірлескен ғылыми және бизнес-жобалар,
• оқытушылардың біліктілігін арттыру,
• дуалды білім беру бағдарламаларын енгізу.
Екі жақ цифрлық технологиялар, робототехника және жасанды интеллект салаларында әріптестікті нығайтуға ерекше көңіл бөлді.
 «Біз Ташенев университетін тек заманауи білім беру орталығы ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді әрі стратегиялық серіктес ретінде көреміз», – деді Global Korea Center директоры Хон Джин Сон.
 Қонақтар университет студенттерінің дайындығы мен білім беру үдерісінің инновациялық тәсілін жоғары бағалап, оқу орнының халықаралық стандарттарға сай даму бағытын ерекше атап өтті.
 «Университетіміз халықаралық әріптестікке үлкен мән береді. Оңтүстік Корея секілді технологиялық тұрғыдан дамыған елмен байланыс – бұл біздің студенттеріміз үшін жаңа білім, жаңа көкжиек және жаһандық интеграцияға жол. Global Korea Center-пен әріптестік – үлкен мүмкіндіктердің бастауы», – деп атап өтті Ташенев университетінің ректоры Канат Байболов.
 Бұл кездесу университеттің халықаралық байланыстарын нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады және студенттер мен оқытушылар үшін жаһандық білім беру кеңістігінде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.