🔬 Natural Science Fest — ғылым мен инновация тоғысқан алаң! 🌿
background

🔬 Natural Science Fest — ғылым мен инновация тоғысқан алаң! 🌿

2026-11-27

Медиатека / Жаңалықтар / 🔬 Natural Science Fest — ғылым мен инновация тоғысқан алаң! 🌿

Ж.А. Тәшенев атындағы университеттің «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің ұйымдастыруымен Natural Science Fest ғылыми-инновациялық фестивалі жоғары деңгейде өтті.

Фестиваль барысында қатысушылар тың идеяларын ортаға салып, білім мен ғылымды ұштастырған ғылыми жобаларын таныстырып, қорғады. Жас зерттеушілердің ізденісі, жаңашыл көзқарасы мен шығармашылық әлеуеті ерекше көрініс тапты.

Іс-шараның басты мақсаты — ғылыми ізденісті қолдау, инновациялық ойлауды дамыту және білім алушылардың зерттеушілік қабілеттерін шыңдау, сондай-ақ жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.

Фестиваль аясында факультет деканы Шолпан Моминова ғылым мен білімнің сабақтастығына тоқталып, мұндай бастамалардың жас зерттеушілер үшін маңыздылығын атап өтті.

💬 Шолпан Моминова, «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің деканы:

«Бүгінгі ғылым – ертеңгі дамудың негізі. Біз үшін білім алушылардың тек теориялық біліммен шектелмей, оны тәжірибеде қолдана білуі, өз бетінше ізденіп, жаңа идеялар ұсынып, ғылыми жобалармен айналысуы аса маңызды.

Natural Science Fest – жастардың ғылыми әлеуетін танытуға, олардың жаңашыл бастамаларын қолдауға және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Осындай фестивальдер арқылы студенттер өз идеяларын жүзеге асыруға, тәжірибе алмасуға және ғылымға деген қызығушылығын арттыруға жол ашады. Біздің мақсатымыз – болашақта ғылым мен инновацияны дамытуға үлес қосатын бәсекеге қабілетті, ізденімпаз мамандарды даярлау».

✨ Ғылымға құштар, жаңашыл ойлайтын жас ұрпақ — ел болашағының жарқын кепілі!

Барлық қатысушыларға сәттілік, жаңа ғылыми жетістіктер мен тың идеялар тілейміз!