Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған іс-шара
2026-11-24
Медиатека / Жаңалықтар / Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған іс-шара
2026 жылғы 24 қарашада Гагарин көшесі, 22-А мекенжайындағы ғимаратта қазақтың көрнекті ағартушысы, педагог, жазушы, этнограф және қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына арналған іс-шара өтті.
Іс-шарада 1408-26қ1 және 1408-24қ1 топтарының студенттері Тілеуберген Мухаммеджан мен Базарбай Шыңғыс қазақтың керемет күйлерін құйқылжыта орындап, көпшілікті өнерімен тәнті етті.
Іс-шараның мақсаты — ағартушының өмірі мен шығармаларын насихаттау, жас ұрпақты білімге және еңбекке баулу, ұлттық педагогиканың құндылықтарын дәріптеу.
