Алғыс айту күніне арналған танымдық сабақ
background

Алғыс айту күніне арналған танымдық сабақ

2026-11-25

Медиатека / Жаңалықтар / Алғыс айту күніне арналған танымдық сабақ

Алғыс айту күніне арналған танымдық сабақ

25 қараша күні 1707-26Қ2, 1707-26Қ3 және 1707-26Р топтарының студенттерімен Алғыс айту күніне арналған танымдық іс-шара өтті.

Іс-шараны «Әлем тілдері» кафедрасының оқытушылары Гүлдар Тұрсынова мен Мәдина Сүлейева ұйымдастырды.

Сабақ мазмұнды әрі қызықты өтіп, студенттер шығармашылық қойылымдарға, интерактивті ойындар мен танымдық тапсырмаларға қатысты. Сонымен қатар олар АҚШ мәдениеті мен Алғыс айту күніне қатысты дәстүрлер туралы мәлімет алды.

Іс-шара аясында студенттер мерекенің тарихымен танысып, алғыс тақырыбындағы қойылымды тамашалады. «Алғыс ағашы» тапсырмасы арқылы ризашылықтарын білдіріп, викториналар мен командалық сайыстарға қатысты. Сондай-ақ оқытушыларына алғыс айтып, құрмет көрсетті.

Бұл кездесу студенттердің ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға, командалық жұмыс тәжірибесін нығайтуға және өзге мәдениеттің дәстүрлерін тануға мүмкіндік берді. Іс-шара ризашылық білдіру мен жақсылықты бағалаудың маңызын ұғындырды.

Қатысушыларға мазмұнды да есте қаларлық кездесу ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреміз.