Абайдың арнау өлеңдеріне арналған шеберлік сағаты өтті
2026-11-21
АБАЙДЫҢ АРНАУ ӨЛЕҢДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ
Бүгін «КІТАП ОҚИТЫН УНИВЕРСИТЕТ» жобасы аясында Қазақ филологиясы факультетінің 3-курс Фи-24-1к IT тобының студенттері Абай Құнанбайұлының арнау өлеңдеріне арналған шеберлік сағатын өткізді.
Абай поэзиясында арнау өлеңдері ерекше орын алады. Бұл шығармалар ақынның қоғамдық көзқарасын, адам мінезіне берген бағасын және заман шындығына деген сыни ұстанымын айқын көрсетеді.
Шеберлік сағаты барысында студенттер Абайдың қырыққа жуық арнау өлеңінің жазылу тарихына тоқталып, жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын көмекші құрал ретінде пайдалана отырып, шығармаларға жан-жақты талдау жүргізді.
Ақынның арнау өлеңдерінің басым бөлігі өткір сынға негізделген. Әбдірахман мен Оспанға арналған жоқтау өлеңдерінен өзгелері көбіне адам бойындағы кемшіліктерді, қоғамдағы қайшылықтарды және жағымсыз мінез-құлықтарды әшкерелеуге бағытталған.
Ерекше назар аударарлық жайт — Абайдың көптеген арнау өлеңдері өзіне жақын, жақсы таныс адамдарға арналған.
Сонымен қатар студенттер ақынның тұтас халыққа бағытталған арнауларына тоқталды. Соның жарқын мысалы — «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі. Бұл шығармада Абай қазақ халқының тағдырына алаңдаушылығын білдіріп, елдің болашағына қатысты терең ой қозғайды.
Шеберлік сағаты ақын студент Сұлтанның арнау өлеңімен қорытындыланды.
Іс-шара студенттердің әдеби талдау дағдыларын дамытуға, Абай мұрасын тереңірек тануға және заманауи технологияларды білім беру үдерісінде тиімді пайдалануға ықпал етті.


