Тукенова Роза Сәтқызы кітапханалық-библиографиялық жіктеу тақырыбында ашық дәріс өткізді.
2026-11-05
Медиатека / Жаңалықтар / Тукенова Роза Сәтқызы кітапханалық-библиографиялық жіктеу тақырыбында ашық дәріс өткізді.
«Кітапханалық-библиографиялық жіктеу» тақырыбындағы ашық дәріс
«Қазақ филологиясы» орталығы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушысы Тукенова Роза Сәтқызы 6В03201 – «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасының 1-курс, 3201-26қ1 тобында «Құжаттарды аналитикалық-синтетикалық өңдеу» пәнінен «Кітапханалық-библиографиялық жіктеу (ББК)» тақырыбында ашық дәріс өткізді.
Сабақ барысында құжаттарды жүйелеудің халықаралық әдістері, кітапханалық-библиографиялық және ондық жіктеу жүйелерінің шығу тарихы мен құрылымы, сондай-ақ олардың ақпараттық іздестіру үдерісіндегі маңызы қарастырылды.
Студенттер теориялық білімдерін практикалық мысалдар арқылы бекітіп, ақпараттық ресурстарды жүйелеу және тиімді ұйымдастыру дағдыларын жетілдірді.

