Tashenev University-де Startup Battle 1.0 стартап-жобалар байқауы өтті
2026-11-06
Tashenev University-де өңірдегі жоғары оқу орындары арасында алғаш рет Startup Battle 1.0 стартап-жобалар байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараны университеттің IT және цифрлық технологиялар кафедрасы өткізді.
Байқауға Tashenev University студенттері мен «Дарын» мектебінің оқушылары қатысып, өздерінің инновациялық стартап-жобаларын сарапшылар алқасының алдында таныстырды. Қатысушыларға жобаларын қорғау үшін 3 минут уақыт берілді.
Ұсынылған жобалар жасанды интеллект негізіндегі білім беру жүйелерін, бизнеске арналған цифрлық платформаларды, студенттерге арналған сервистерді және басқа да өзекті технологиялық шешімдерді қамтыды.
Байқау жобаларын бағалаған қазылар алқасының құрамы:
-
Елікбай Токбергенов — «Qazyna Real Estate» ЖШС директоры;
-
Лаура Асылбек — Odos стартапының негізін қалаушы;
-
Медет Пернебеков — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Шымкент қаласындағы өкілдігінің менеджері;
-
Дәулет Душабаев — Жасанды интеллект және инновациялар факультетінің деканы;
-
Сәуле Ботаева — IT және цифрлық технологиялар кафедрасының меңгерушісі.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
-
І орын — Kazakh Global жобасы, 15 000 теңге;
-
ІІ орын — Oilan жобасы, 10 000 теңге;
-
ІІІ орын — SMART Portal for Students жобасы, 7 000 теңге.
Арнайы номинациялар бойынша:
-
«Future Innovation» — STUDY KID AI жобасы, 5 000 теңге;
-
«Smart Idea» — «Дарын» мектебі оқушыларының Nero жобасы, 5 000 теңге;
-
«Үздік инновациялық жоба» — Unifood жобасы, университеттің фирмалық блокноты.
Байқауға қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталып, қазылар алқасының мүшелеріне университет ректорының атынан алғыс хаттар берілді.
Сарапшылар қатысушылардың дайындық деңгейі мен ұсынылған жобалардың өзектілігін жоғары бағалады. Елікбай Токбергенов Tashenev University жоғары оқу орындары арасында осындай форматтағы іс-шараны алғаш ұйымдастырғанын атап өтті. Лаура Асылбек ұсынылған стартаптардың қазіргі нарық талаптарына сай келетінін және олардың арасында болашағы зор жобалар бар екенін жеткізді.
Startup Battle 1.0 байқауы жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға, инновациялық ойлау қабілетін дамытуға және студенттердің идеяларын нақты стартап-жобаларға айналдыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.


