«Экономика және менеджмент» кафедрасында қаржы саласы, еңбек нарығы, дуальды оқыту, өндірістік тәжірибе және түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелеріне арналған жұмыс берушілермен кездесу өтті.
ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Күні: 18 қараша 2026 жыл
2026 жылғы 18 қарашада «Экономика және менеджмент» кафедрасы Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне арналған қаржыгерлер апталығы аясында «Цифрлық теңге және жасанды интеллект: қаржы жүйесінің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге келесі білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты:
- 6В04101 – «Есеп және аудит»;
- 6В04102 – «Қаржы»;
- 6В04103 – «Экономика»;
- 6В04104 – «IT-Менеджмент»;
- 6В04105 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару»;
- 6В04106 – «Іскерлік әкімшілік (BBA)»;
- 6В04107 – «Халықаралық бизнес»;
- 6В04108 – «Қаржы және деректерді талдау»;
- 6В04109 – «Креативті экономика және индустрияларды басқару»;
- 6В04110 – «Мемлекеттік сектордағы жобаларды басқару»;
- 6В04112 – «Цифрлық есеп және деректер аудиті»;
- 7М04101 – «Экономика»;
- 7М04105 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару».
Іс-шараға келесі мекемелер мен ұйымдардың өкілдері шақырылды:
- ҚР Ұлттық Банкінің Шымкент филиалының бас маман-экономисі Молдаханова Алия Хайбуллақызы;
- «Казатомпром-SaUran» ЖШС өкілі Абрамбаев Алибек Касымович;
- Alatau City Bank өкілдері Утемисов Марат Бортаевич және Карибаева Сауле Алтынбековна;
- Bereke Bank өкілі Айтмурзаева Эльмира Ускеновна;
- Bank RBK өкілі Кошмуратова Улжан Удасбековна;
- «Атамекен» ҰКП өкілі Бердалиев Бауыржан Берикович;
- «Азия Сервис-Шымкент» ЖШС өкілі Джунусова Гульнара Ордабековна;
- Halyk Bank өкілі Абилдаева Айжан Амангазыевна;
- актер әрі «25 теңге» фильмінің авторы Иманкулов Нуркен Абдезұлы.
Кездесудің негізгі мақсаты – еңбек нарығындағы өзгерістерді, түлектерге қойылатын заманауи талаптарды, дуальды оқыту жүйесін дамыту, өндірістік және диплом алдындағы практиканы тиімді ұйымдастыру мен студенттерді жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылау.
Тараптар келесі ынтымақтастық бағыттарына ерекше назар аударды:
- жұмыс берушілердің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және жаңартуға қатысуы;
- 2027–2028 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларын жетілдіру;
- дуальды оқыту жүйесін дамыту;
- өндірістік және диплом алдындағы практиканы ұйымдастыру;
- студенттерге мамандықтары бойынша бос жұмыс орындары туралы ақпарат ұсыну;
- түлектерді жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету;
- бірлескен жобалар мен келісімдерді жүзеге асыру;
- болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыру.
Университетте дуальды оқыту жүйесі жүзеге асырылып келеді. Кәсіпорындарда студенттердің практикалық білім мен кәсіби дағдыларды меңгеруіне арналған арнайы оқу аудиториялары бөлінген. Жұмыс берушілер өздерінің тәжірибесін оқу процесіне енгізіп, болашақ мамандарды даярлауға тікелей қатысады.
Мұндай кездесулер кафедра мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, білім беру мазмұнын еңбек нарығының талаптарына бейімдеуге және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға мүмкіндік береді.



