«БҰЛТТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР. МОБИЛЬДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
background

«БҰЛТТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР. МОБИЛЬДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ

2026-11-03

Медиатека / Жаңалықтар / «БҰЛТТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР. МОБИЛЬДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ

 2026 жылғы 3 қарашада магистр, аға оқытушы Сейтханова Әйгерім Баубекқызы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша «Бұлтты технологиялар. Мобильді технологиялар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты студенттерге бұлтты технологиялардың негізгі ұғымдарын, қызметтері мен қолданылу бағыттарын түсіндіру, мобильді байланыстың заманауи стандарттарымен таныстыру, сондай-ақ ақпаратты сақтау, қорғау және бірлесіп пайдалану дағдыларын қалыптастыру болды.

Сабақ барысында бұлтты технологиялардың түрлері мен қызмет көрсету модельдері, деректерді сақтау, қорғау, синхрондау және резервтік көшіру мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен қатар GSM, CDMA, UMTS, LTE және 5G NR мобильді байланыс стандарттарының ерекшеліктері мен қолданылу бағыттары талқыланды. Нақты мысалдар арқылы бұлтты сервистердің білім беру, бизнес және күнделікті өмірдегі маңызы түсіндірілді.

Студенттер Google Apps және Google Docs платформаларында онлайн құжат құрып, оны сақтау, ортақ пайдалану және бірлесіп өңдеу бойынша практикалық тапсырмалар орындады. Олар сабаққа белсенді қатысып, тақырыпқа қатысты пікірлерін білдірді.

Ашық сабақ бекітілген жоспар мен регламент талаптарына сәйкес жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Қойылған мақсаттарға толық қол жеткізіліп, сабақ студенттердің цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға және пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.