Сән, стиль және шығармашылық өнер әлемі! «Дизайн және сән» кафедрасының студенттері мен оқытушылары Тараз қаласында өткен беделді DULATY FASHION DAY халықаралық фестивалінде өз өнерлерін жарқын әрі жоғары деңгейде таныстырды.
2026-10-23
Сән, стиль және шығармашылық өнер әлемі! «Дизайн және сән» кафедрасының студенттері мен оқытушылары Тараз қаласында өткен беделді DULATY FASHION DAY халықаралық фестивалінде өз өнерлерін жарқын әрі жоғары деңгейде таныстырды.
Ауқымды іс-шара өңірдегі үздік жас дизайнерлерді, танымал шеберлерді және креативті индустрия жаңашылдарын біріктірді. Талантты студенттеріміз университетті лайықты таныстырып, дәстүрді терең меңгергенін, жоғары эстетикалық талғамын, өзіндік қолтаңбасын және кәсіби дайындығын көрсетті.
Қатысушылардың шеберлігі мен тәжірибелі жетекшілердің қолдауының арқасында кафедра жетістіктері екі негізгі номинация бойынша марапаттармен толықты.
«Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясында 3-курс студенті Даулетбекова Балнұр III орын алып, 50 000 теңгелік ақшалай сертификатқа ие болды. Жетекшісі – Рахимова Б.Ф.
«Сән және костюм дизайны» номинациясында 4-курс студенті Есенбек Аяулым III орын иеленіп, 200 000 теңге көлеміндегі жүлдеге ие болды. Жетекшісі – Асилова К.С.
«Дизайн және сән» кафедрасы өз студенттерінің жетістіктерін мақтан тұтады. Бұл нәтиже білім сапасының, шығармашылық идеяларды қолдаудың және әр студенттің әлеуетін ашуға бағытталған жүйелі жұмыстың айқын көрінісі.
Балнұрды, Аяулымды және олардың жетекшілерін лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сарқылмас шабыт, тың шығармашылық идеялар, өршіл жобалардың сәтті жүзеге асуы және әлемдік сән сахнасында жаңа биіктер тілейміз!




