3-курс «Дизайн» мамандығының студенттері үшін Тараз қалалық өлкетану музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
background

3-курс «Дизайн» мамандығының студенттері үшін Тараз қалалық өлкетану музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

2026-10-22

Медиатека / Жаңалықтар / 3-курс «Дизайн» мамандығының студенттері үшін Тараз қалалық өлкетану музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

3-курс «Дизайн» мамандығының студенттері үшін Тараз қалалық өлкетану музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында студенттер өңірдің бай тарихымен, көне жәдігерлермен, ұлттық қолданбалы өнер туындыларымен және мәдени мұрасымен танысты.

Болашақ дизайнерлердің ерекше қызығушылығын музей экспозициялары: археологиялық олжалар, дәстүрлі киім үлгілері, зергерлік бұйымдар мен тұрмыстық заттар тудырды. Студенттер әрбір жәдігердің көркемдік ерекшеліктеріне, пішініне, түстер үйлесіміне және ұлттық ою-өрнектеріне ерекше назар аударды.

Экскурсияның мақсаты – студенттердің тарихи-мәдени дүниетанымын кеңейту, ұлттық құндылықтарға деген құрметін нығайту және жаңа шығармашылық ізденістерге ынталандыру. Танымдық іс-шара студенттерге мол әсер сыйлап, олардың болашақ кәсіби қызметіне қажетті шабыт пен жаңа идеялардың көзіне айналды.