3-курс студенттері «Пейзаж» тақырыбындағы көрмеге дайындалуда
2026-11-03
3-курс студенттері Кескіндеме сабағында «Пейзаж» тақырыбы бойынша шығармашылық жұмыстар орындап, алдағы көрмеге қызу дайындалуда.
Магистр аға оқытушы Абдуллаева Гүлнар Дайрабаевна сабақ барысында студенттерге табиғат көріністерін бейнелеудің негізгі заңдылықтарын меңгертіп, кеңістік пен перспектива құру, жарық пен көлеңкені үйлестіру, түстердің арақатынасын анықтау және композициялық шешім табу бағытында сурет салуды үйретті. Әр студент табиғаттың өзіндік сұлулығын көркемдік тұрғыда жеткізуге, қоршаған ортадан алған әсерін бояу арқылы бейнелеуге талпынды.
Шығармашылық жұмыстарда жыл мезгілдерінің ерекшеліктері, тау мен дала көріністері, өзен-көлдер, ауыл табиғаты және қалалық пейзаждар көрініс тапты. Студенттер түрлі түстік шешімдер мен кескіндемелік тәсілдерді қолданып, өздерінің жеке қолтаңбасы мен эстетикалық көзқарасын көрсетуге мүмкіндік алды.
Қазіргі уақытта картиналарды аяқтау, безендіру және көрме кеңістігіне орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Мұндай көрмелер студенттердің шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, олардың еңбегін көпшілікке таныстыруға, тәжірибе алмасуға және бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Жас суретшілерімізге шығармашылық шабыт, тың идеялар және алдағы көрмеде сәттілік тілейміз!



