Ж.А. ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР МЕН БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЛАРЫНДА ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТТІ
background

Ж.А. ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР МЕН БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЛАРЫНДА ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТТІ

2026-10-31

Медиатека / Жаңалықтар / Ж.А. ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР МЕН БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЛАРЫНДА ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТТІ

«Халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобалар конкурсы»

2026 жылдың 28 мен 31 қазан аралығында «Экономика және менеджмент» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, 6В04103 «Экономика», 6В04102 «Қаржы», 6В04101 «Есеп және аудит» білім беру бағдарламаларының 2-курс студенттері Байбол Аида және Үшкемпір Асылай Шымкент қаласындағы Жастар саясаты орталығында өткен «Тәуелсіз ұрпақтары: жаңа бизнес-идеяларды іске асыру» байқауына «Этнотур – қош келдің, Шымкент!» атты жобасын ұсынды.

Конкурсқа белсенді қатысқаны үшін студенттеріміз алғыс хаттармен марапатталды. Ғылыми жетекшісі – магистр, аға оқытушы Абдурахманова Зулпаруза Амирбековна да алғыс хатпен марапатталды.

Сонымен қатар 2-курс студенті Мирсагатов Мырсұлтан Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Bilim orkeniet» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған, жастар саясатын дамытуға бағытталған креативті идеялар мен жаңа бастамаларды қолдау мақсатындағы «Үздік студент» республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанды және І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі – «Экономика және құқық» факультетінің деканы, экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Наурызбекова Альмара Еркиновна.

Байқаудың мақсаты – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды мемлекеттік қолдау және жастарға өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру.

Студенттердің конкурстарға, олимпиадаларға және конференцияларға қатысуы өзін-өзі дамытуға және шығармашылық ізденіске серпін береді, ғылым мен танымға деген шынайы қызығушылықты қалыптастырады, жалпы кәсіптік пәндерді оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын дамытады, сондай-ақ Қазақстанда жаңа бизнес-идеялар мен кәсіпкерлікті іске асыруға ықпал етеді.

«Экономика және менеджмент» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерін шын жүректен құттықтаймыз!