Ж.А. ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БИЗНЕСТЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
2026-10-16
Оқытушы: магистр, аға оқытушы Рахметуллақызы Айсұлу
Тақырыбы: «AI in Business»
2026 жылғы 16 қазан күні оқытушы Рахметуллақызы Айсұлу 6103-25а тобының студенттеріне «Fundamentals of Artificial Intelligence» пәні бойынша «AI in Business» тақырыбында ашық дәріс өткізді.
Аталған сабақтың мақсаты – студенттерге жасанды интеллект технологияларының бизнестегі рөлі мен қолданылу бағыттарын түсіндіру, бизнес-процестерде AI шешімдерін пайдалану ерекшеліктерімен таныстыру, сондай-ақ нақты бизнес-мәселелерді шешуге арналған жасанды интеллект құралдарын таңдау және бағалау дағдыларын қалыптастыру болды.Сабақ барысында жасанды интеллекттің маркетинг, сату, қаржы, логистика, адам ресурстарын басқару және клиенттерге қызмет көрсету салаларында қолданылу мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар генеративті жасанды интеллект пен чат-боттарды бизнес-процестерде пайдалану жолдары түсіндірілді. Жасанды интеллектіні енгізудің артықшылықтары, ықтимал тәуекелдері, деректер қауіпсіздігі мен этикалық мәселелері талқыланды. Дәріс презентациялық және ақпараттық форматта өткізіліп, заманауи оқыту әдістері мен ChatGPT, Claude, Gemini сияқты жасанды интеллект құралдары қолданылды.
Ашық сабақ жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, қойылған мақсаттарға толықтай қол жеткізілді. Сабақ мазмұны студенттердің жасанды интеллект технологияларын бизнесте қолдану туралы білімдерін кеңейтуге, кәсіби құзыреттілігін арттыруға және пәнге деген қызығушылығын дамытуға ықпал етті.

