6В01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», 6В01201- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының студенттері үшін ұйымдастырылған өндірістік практика сәтті аяқталды.
2026-11-02
6В01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», 6В01201- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының студенттері үшін ұйымдастырылған өндірістік практика сәтті аяқталды. Практика басталар алдында білім алушыларға оның мақсаты мен міндеттері, өту тәртібі, есеп беру құжаттарын рәсімдеу талаптары түсіндіріліп, арнайы бағыт-бағдар беретін орнықтыру конференциясы өткізілді.
Студенттер бекітілген практика базаларына жіберіліп, білім беру ұйымдарының жұмыс тәртібімен және педагогикалық ұжымымен танысты. Практика барысында олар жоғары оқу орнында алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие үдерісіне белсенді қатысты. Білім алушылар сабақтарға қатысып, тәжірибелі мұғалімдердің жұмыс әдістерін зерделеді, өз бетінше сабақтар мен тәрбие сағаттарын өткізіп, оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеу дағдыларын жетілдірді.
Өндірістік практика студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, педагогикалық шеберлігін дамытуға, жауапкершілігі мен шығармашылық белсенділігін арттыруға зор мүмкіндік берді. Практика жетекшілері білім алушыларға әдістемелік қолдау көрсетіп, олардың кәсіби дамуына бағыт-бағдар берді.
Практика қорытындысы бойынша білім алушылар атқарған жұмыстары жөнінде есеп беріп, жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті. Осылайша, өндірістік практика өз мақсатына жетіп, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қалыптасуындағы маңызды кезең ретінде табысты аяқталды.



