Жасанды интеллект зертханасы
background

Жасанды интеллект зертханасы

Медиатека / Жаңалықтар / Жасанды интеллект зертханасы

2026 жылы Tashenev University-де заманауи жасанды интеллект зертханасы ашылды. Бұл — студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, инновациялық идеяларын нақты жобалар мен прототиптерге айналдыруға арналған білім беру кеңістігі.

Зертхана заманауи компьютерлермен, 3D-принтерлермен, дрондармен және робототехника құрылғыларымен жабдықталған. Мұнда студенттер бағдарламалау, жасанды интеллект, 3D-модельдеу, дрондарды басқару және роботтарды құрастыру бағыттары бойынша практикалық дағдыларын дамытады.