«Математика және физика» кафедрасының магистр, аға оқытушысы А.С. Арысбаева 02.10.2026ж. күні
2026-10-02
«Математика және физика» кафедрасының магистр, аға оқытушысы А.С. Арысбаева 02.10.2026ж. күні, сағат 12:30-де 6В01517-Информатика (ІР) білім беру бағдарламасының 1517-25қ1, 1517-25қ2 оқу топтарына №204В аудиториясында Операциялық жүйелер пәнінен дәріс сабағында «Windows жүйесінде жұмыс істеу негіздері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Windows операциялық жүйесінің негізгі интерфейс элементтерімен танысу және компьютерде файлдар мен бумаларды басқару бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Бұл тақырыпты меңгеру білім алушыларда «компьютерді қолданушы» деңгейінен «цифрлық ортада оқу және кәсіби міндеттерді өз бетінше орындай алатын» деңгейге өтуге негіз қалыптастырады.
Әсіресе болашақ педагогтар үшін Windows жүйесімен жұмыс істеу дағдылары:
- цифрлық сабақ материалдарын әзірлеуге;
- интерактивті тапсырмалар дайындауға;
- электрондық журналдар мен білім беру платформаларын пайдалануға;
- презентация және бейнематериалдар жасауға;
- оқушылардың цифрлық жұмыстарын қабылдап, жүйелеуге;
- цифрлық білім беру ресурстарын сабаққа енгізуге мүмкіндік береді.
Білім алушы Windows операциялық жүйесінің негізгі интерфейсін еркін пайдаланады, файлдар мен бумаларды ұйымдастырады, бағдарламаларды іске қосып және басқарады, жүйелік параметрлерді баптайды, ақпаратты қауіпсіз сақтайды және Windows ортасында оқу-кәсіби тапсырмаларды өз бетінше орындайды.

