Шет тілдері үйірмелеріне шақырамыз!
2026-10-08
Шет тілдері үйірмелеріне шақырамыз!
Құрметті студенттер мен оқытушылар!
Әлем тілдері институтының «Әлем тілдері» кафедрасында шет тілдері бойынша үйірме сабақтары өткізіліп жатыр. Сабақтар тілдік білімді жетілдіруге, коммуникативтік дағдыларды дамытуға және мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.
Үйірме аясында мына тілдерді үйренуге болады:
🇹🇷 түрік тілі
🇨🇳 қытай тілі
🇫🇷 француз тілі
🇩🇪 неміс тілі
🇬🇧 ағылшын тілі (Conversation Club)
Сабақтар бекітілген кестеге сәйкес, тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен өтеді. Қатысушылар сөздік қорын молайтып, ауызша сөйлеу және шет тілінде еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыта алады.
Шет тілдерін үйренуге қызығушылық танытқан барлық студенттер мен оқытушыларды үйірме сабақтарына қатысуға шақырамыз!
🌍 Шет тілін меңгеру – жаңа білім мен мүмкіндіктерге бастар жол!

