Жасанды интеллект мамандықтарына арналған бизнес-процестер архитектурасы бойынша семинар өтті
background

Жасанды интеллект мамандықтарына арналған бизнес-процестер архитектурасы бойынша семинар өтті

2026-10-04

Медиатека / Жаңалықтар / Жасанды интеллект мамандықтарына арналған бизнес-процестер архитектурасы бойынша семинар өтті

Жасанды интеллект мамандықтарына арналған бизнес-процестер архитектурасы бойынша семинар өтті

1 қазан күні университеттің Жасанды интеллект зертханасында «Жасанды интеллект мамандықтарына арналған бизнес-процестер архитектурасы» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараның спикері — техника ғылымдарының кандидаты, экономика саласының қауымдастырылған профессоры, мемлекеттік басқару және білім беру салаларында мол тәжірибесі бар сарапшы Азамат Рысқұлұлы Ойнаров.

Семинар барысында жасанды интеллект саласына мамандар даярлауға бағытталған білім беру бағдарламаларын жетілдіру, заманауи бизнес-процестердің архитектурасын қалыптастыру және оқыту әдістерін жаңа технологиялық талаптарға сәйкес жаңарту мәселелері қарастырылды.

 

Қатысушылар жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы жағдайында білім беру үдерісін ұйымдастырудың өзекті бағыттарымен танысып, аталған сала бойынша тәжірибе және кәсіби пікір алмасты.

Іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. Семинар білім беру бағдарламаларын дамытуға, оқытушылардың кәсіби құзыреттерін арттыруға және оқу үдерісіне заманауи тәсілдерді енгізуге бағытталған маңызды алаң болды.