ОҢАЛБАЙ АЯШЕВ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНЕ 30 ЖЫЛ» МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
background

ОҢАЛБАЙ АЯШЕВ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНЕ 30 ЖЫЛ» МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

2026-08-18

Медиатека / Жаңалықтар / ОҢАЛБАЙ АЯШЕВ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНЕ 30 ЖЫЛ» МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ОҢАЛБАЙ АЯШЕВ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНЕ 30 ЖЫЛ» МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін Түркістан облысының әкімдігінде Қазақстан Республикасы Парламентінің 30 жылдығына арналған мерекелік медальдарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Салтанатты жиында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес «Ж.А. Тәшенев атындағы университет» АҚ басқарушысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Түркістан облысының Құрметті азаматы Оңалбай Аяшевты «Қазақстан Республикасы Парламентіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.
Оңалбай Аяшев 2004–2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты қызметін атқарып, елдің заң шығару ісіне және отандық парламентаризмнің дамуына елеулі үлес қосты. Мәжіліс депутаты ретінде қоғамның өзекті мәселелерін көтеріп, мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарын қалыптастыруға және заңнамалық бастамаларды жетілдіруге атсалысты.
Бүгінде білім мен ғылым саласында жемісті еңбек етіп жүрген Оңалбай Аяшевтың ел дамуына қосқан үлесі қоғамдық-саяси қызметімен ғана шектелмейді. Оның көп жылғы еңбегі білім беру, ғылым, жастар саясаты және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағыттарымен сабақтасып келеді.
Бұл жоғары марапат – Оңалбай Аяшевтың еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына, білім мен ғылым саласына, сондай-ақ Қазақстандағы парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі еңбегіне берілген лайықты баға.
Марапатыңыз құтты болсын! Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыс және ел игілігі жолындағы еңбегіңізге толағай жетістіктер тілейміз!
🇰🇿 ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ ОҢАЛБАЙ АЯШЕВТЫ МЕРЕЙЛІ МАРАПАТЫМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!