РЕСМИ ЕСКЕРТУ!
background

РЕСМИ ЕСКЕРТУ!

2026-08-15

Медиатека / Жаңалықтар / РЕСМИ ЕСКЕРТУ!

РЕСМИ ЕСКЕРТУ!
Соңғы уақытта кейбір азаматтардың өзін Tashenev University қабылдау комиссиясының қызметкері ретінде таныстырып, талапкерлерге университетке оқуға түсуге көмектесуге уәде беріп, осы арқылы ақша талап ету жағдайлары жиілеп отыр.
Осыған байланысты ресми түрде хабарлаймыз:
📌 Университетке оқуға қабылдау бойынша құжаттар тек университеттің ресми қабылдау комиссиясы арқылы қабылданады.
Талапкерлер мен олардың ата-аналарын бейтаныс немесе үшінші тұлғаларға құжаттарын бермеуге, сондай-ақ олардың жеке шоттарына немесе қолма-қол түрде ақша аудармауға шақырамыз.
❗️Оқуға қабылдауға кепілдік беремін, грантқа түсіремін, құжаттарыңызды өзім өткізіп беремін деген ұсыныстарға сенбеңіздер.
Университетке қабылдау рәсімі белгіленген тәртіппен және тек ресми арналар арқылы жүзеге асырылады.
Өз қауіпсіздігіңіз үшін ақпаратты тек университеттің ресми дереккөздерінен тексеріп, құжаттарыңызды қабылдау комиссиясының қызметкерлеріне ғана тапсырыңыздар.
Күмәнді жағдайға тап болсаңыз, ақпаратты университеттің қабылдау комиссиясынан нақтылаңыз.
Tashenev University — талапкерлердің қауіпсіздігі мен заңды құқықтарын қорғауға басымдық береді.