2026 жылғы 12 ақпанда «Дене шынықтыру» кафедрасының оқытушысы Ғ.А. Өтегенов ИЭФ-25-13к1,2,3 топтарының білім алушыларына «Дене шынықтыру» пәні
2026-02-12
Медиатека / Жаңалықтар / 2026 жылғы 12 ақпанда «Дене шынықтыру» кафедрасының оқытушысы Ғ.А. Өтегенов ИЭФ-25-13к1,2,3 топтарының білім алушыларына «Дене шынықтыру» пәні
2026 жылғы 12 ақпанда «Дене шынықтыру» кафедрасының оқытушысы Ғ.А. Өтегенов ИЭФ-25-13к1,2,3 топтарының білім алушыларына «Дене шынықтыру» пәні бойынша «Атлетикалық гимнастика. Кеуде және арқа бұлшық еттерін дамытуға арналған жаттығулар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты білім алушылардың дене дайындығын жетілдіру, кеуде және арқа бұлшық еттерін дамытуға арналған жаттығуларды дұрыс орындау техникасын меңгерту болды. Оқу үдерісі барысында оқытушы заманауи оқыту әдістерін тиімді қолданып, теориялық білімді тәжірибелік тапсырмалармен ұштастырды. Білім алушылар сабаққа белсенді қатысып, жаттығуларды талапқа сай орындап, жоғары қызығушылық танытты.
